Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№6-тапсырма:
Шығармашылық жұмыс.
Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...
Өлеңді өз ойларыңмен толықтырып, сөз өнеріне, поэзияға арнап шығарма (арнау, толғау) жазыңдар
|
Өлеңді өз ойларыңмен толықтырып, сөз өнеріне, поэзияға арнап шығарма (арнау, толғау) жазады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- шығарма жазады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
«Түртіп алу» әдісі.
|
№7-тапсырма.
Мұғалім көмегіне сүйеніп, берілген шығарманың жазылу тарихы және көркемдік ерекшелігі жайлы деректер жинақтап, сыныптастарыңмен бөлісіңдер.
|
Мұғалім көмегіне сүйеніп, берілген шығарманың жазылу тарихы және көркемдік ерекшелігі жайлы деректер жинақтап, сыныптастарымен бөліседі.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- шығарманың жазылу тарихы және көркемдік ерекшелігі жайлы деректер жинақтайды.
- сыныптастарымен бөліседі.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
№8-тапсырма.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген тақырыпта бүгінгі күннің поэзиясы туралы сыни эссе жазыңдар.
|
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген тақырыпта бүгінгі күннің поэзиясы туралы сыни эссе жазады.
|
|