Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№5-тапсырма:
Абай айтқан «Бес асыл іс» шыңына жету жолдары туралы не ойлайсыңдар? Абай қандай ойды ұсынады?
|
Айтылым:
Абай айтқан «Бес асыл іс» шыңына жету жолдары туралы не ойлайтынын және Абай қандай ойды ұсынатынын анықтайды, айтады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
№7-тапсырма.
1. Өлең жолдарынан түсінгендеріңді айтып беріңдер.
2. «Ғылымның ïайдасы» тақырыбында өз ойларыңды ортаға салыңдар.
|
Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз...
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Өлең жолдарынан түсінгендеріңді айтып береді.
-«Ғылымның ïайдасы» тақырыбында өз ойларыңды ортаға салады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
№9-тапсырма.
1. Бүгінгі күні ұялы телефонды шектен тыс пайдалану немесе компьютер ойындарын үздіксіз ойнау дұрыс па?
2. Өз қатарластарың жайлы «Жақсы мен жаман» тақырыбында сыни эссе жазыңдар.
|
Берілген тапсырманы орындайды. Эссе жазады.
|
|