Сабақтың тақырыбы: Абай Құанбайұлы. Өмірі мен шығармашылығы Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет4/55
Дата11.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#162295
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
6 сынып әдебиет 2-тоқсан

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: 2. Абай Құанбайұлы. Ақын шәкірттері
2-сабақ.

Бөлім:

2 – бөлім. Абайды оқы, таңырқа

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

2. Абай Құанбайұлы. Ақын шәкірттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;.
6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Абайдың ақын шәкірттері туралы не білесіңдер?

Ұлы ақынның ізін қуып, орыс әдебиетін насихаттап, өлең жазған шәкірттері болды. Олар: Көкбай, Кәкітай, балалары Ақылбай, Мағауия, немере інісі атақты Шәкәрім Құдайбердіұлы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет