Сабақтың тақырыбы: Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз Мақсаттары : s -нақтылық



бет5/6
Дата16.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#191464
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Шығармашылық жұмыс
«Аталы сөзден дән ізде»

Мұғалім сөзі «... Абай қара сөздерінде, өлеңдерінде айтылған ойларын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қара сөзінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар қарапайым, жеңіл, оңай ұғымдармен қайтадан айтылады»,- дейді М.Әуезов.
Абайдың өнеге мен тағылымға толы лирикалық шығармаларындағы айтар ойын қара сөздерімен жеткізген ой иірімдеріне көз жіберу- бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты.Олай болса,17- қара сөзіне топ болып талдау жасаймыз.
І-топ-«Ғауһарлар иерархиясы» әдісі
ІІтоп«Әуешары»
статегиясы
ІІІ-топ-«Флешбоун»әдісі

Оқушылар топ болып ақылдасып, жауап береді.
1-топ оқушылары ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керектігін, себебі мұның біреуі жоқ болса, ол толыққанды адам еместігін айтады.
2-топ оқушылары қазіргі өмірмен байланыстырып, ғалымды, білімді адамды құрметтеу керек екеніне тоқталады.
3-топ оқушылары үш тұғырлы тіл,оның маңыздылығын ашады



Бағалау



"Мадақтау сэндвичі" әдісі
1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;
2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3 бөлік – келешекке (маған ұнады, бірақ келесі жолы

Топтар "Мадақтау сэндвичі"арқылы баға береді.

ІІІ. Мағынаны тану


Кітаппен жұмыс


Ойлы болсаң озып көр



Ғұмырының сан алуан соқпағында «алысып», «тартысып», «жұлысып», «айтысып», уақытын халқының келешегіне арнаған ұлы ақын Абай ұлттың намыс туын қолдан түсірмей, «Мен өзім – қазақпын» деген сөзді қастерлеп, бойтұмарына отты поэзияның ұшқынын байлаған жан.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ оны да ойла», - деп ұлы ақын бүкіл қазаққа ой тастап, таудан да биік, теңізден де тұңғиық барлық құпия сырын ішке түйсе, енді бірде
«Ызалы жүрек, долы қол
Улы сия, ащы тіл,
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсең де өзің біл»,-деп ақтарыла ақиқатты жайып салған Абайдың сөз оралымдарын түсіну, зерттеу біздің мақсатымыз.

1-топ.Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме


2-топ.Сатылай кешенді талдау жасау

3-топ.Тақырыпқа байланысты мақалдар айту





Кітаппен жұмыс жасай отырып,әр топ өзіне берілген тапсырмалар негізінде талдау жасайды.


Кейіпкері адам , толық адам ( кемел адам) . 
Тақырыбы: Адам бойындағы адамдық қасиеттер.
Идеясы: ізгілікке, ғылымды меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу, адам бойынан жақсы қасиеттерінің табылуы; осы үшеуі де адам бойынан табылса, сол қасиетті адам.
Жанры: Көркем әдебиет;мақала, қара сөзбен жазылған еңбек.
Лексикалық сөз қолданысы Ғақлия, ғибадат, мәдмәладқа жету, ахирет, нәпсі, үлкеннен ұят сақтап жаманшылықтан жирену.
Тартыс: үшеуінің тартысы.
Шешім: Ғылымның жүректі жақтауы.
Ғибрат: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.Сонда ғана боларсың елден бөлек.

Сергіту сәті

«Көзімнің қарасы» әнін орындау






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет