8-оқушы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» 9-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 10-оқушы: «Ғылым таппай мақтанба» 11-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге» 12-оқушы: «Мен боламын демеңдер» 13-оқушы: «Сенбе жұртқа тұрса да сені қанша мақтап»
Ән «Желсіз түнде жарық ай» Оксананың орындауында 7 «Б» сыныбы. Абайға арнау Оқушылардың Абайға арналған өлеңдерін оқиды. Сұрақтар Абай шығармашылығына бойланысты.
Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды? (Көкбай)
Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903 жылы Петербургта жазған).
Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата. (үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі»).
Абайдың аяқталмаған поэмасы. («Әзім әңгімесі»)
Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жетінші, арма аударған)
Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. (Зере, Ұлжан)
Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия)
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман)
Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта)
«Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов)
Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші – Х.Наурызбай)
Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындығы болды? (Абайдың ағасының баласы)
2-жүргізуші:Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдарын, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма айтыңдаршы, Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
Ән «Қараңғы түнде тау қалқып»