Ахмет Байтұрсынұлы.
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов.
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғабит Мүсірепов
Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – шекспир, грузиндер үшін – Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдесіз құбылыс.
Қайсын Кулиев.
Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты.
Достарыңызбен бөлісу: |