Сабақтың тақырыбы: «Абай бүлдіршіндер жүрегінде». Сабақтың мақсаты: Б/К Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Дайындау. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Т/К Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезең. Кіріспе Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Абай бүлдіршіндер жүрегінде» атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.
1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне – өзі орнатып ескерткішті, Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім? Ерте оятып, ойланып, ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім? Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? Арманын атандырып келешекке, Біздермен осы күнгі тілдескен кім? Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барын көк теңізге, Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Сахнаға Абай шығады. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Достарыңызбен бөлісу: |