Сабақтың тақырыбы: Абай Кұнанбайұлының мәдени мұралары Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата17.05.2023
өлшемі18,08 Kb.
#176993
түріСабақ
Байланысты:
seminar sabagynyn zhospary


Сабақтың тақырыбы: Абай Кұнанбайұлының мәдени мұралары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тексеру және түсіндіру,ауызекі сөйлеуге, мәтінмен жұмыс істеуге төселдіру.
2.Дамытушылық: ерттеу,салыстыру,талқылау барысында оқушыларға өз ойын еркін айтуға үйрету арқылы, оқушылардың таным түсінігін дамыту,сөздік қорын байыту ойлау,сөйлеу шеберлігін арттыру.
3. Тәрбиелік:Ұлы ақынға деген құрмет,мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ету.Ақын шығармалары арқылы оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, адамгершілік тәрбиесін беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Телекөпір
Сабақ кезеңі:Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру, сұрақ-жауап,сұхбат, салыстыру, мәнерлеп оқу, пікір алмасу.
Көрнекіліктер: суреттер, портрет,электронды оқулық,нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих,музыка,орыс әдебиеті,информатика.
Сабақтың жабдықтары:
А)компьютерлер,проектор,сканер,принтер,үлкен экран.
Ә)Тікелей репортаж жазылған Шығыс Қазақстан обл. Семей қаласы Жидебай ауылындағы мұражайдан тікелей телекөпір.
Б)Абай туралы нақыл сөздерді көрсету(сканермен көшіріп проектор арқылы үлкен экранда көрсетіледі)
В)Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін көрермендерге тыңдату.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезең:
Сабақтың мақсаты жайлы мұғалімнің кіріспе сөзі.
Үлкен экранға Абай туралы нақыл сөздер шығарылады.
«Ибраһим мырза данышпан философ еді» ( Шәкәрім)
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.
Онан асқан біз білетін ақын болған жоқ»(Ахмет Байтұрсынов)
«Абайдай тумас адам сөзге зерек, зейіні-түпсіз дария, көзің жетпес» (Біржан сал)
«Абай» мәтінін мәнерлеп оқыту.
Студиядағы жүргізушімен тікелей эфирде коресиопдент телемост арқылы сұхбат жүргізеді.
Екінші коресиопдентті студияға келіп сұхбаттасады.
Сабақты қорыту,бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет