Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев Алтыншы, он тоғызыншы қара сөзі (10 "б"сынып)



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі74,74 Kb.
#92225
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
19,6 қара сөз

Үй тапсырмасын сұрау
«Алты ойшыл қалпақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
Жаңа тақырып. Абайдың қара сөздерінің жазылу тарихын. Қарасөздерінің тақырыбын әңгімелеу.Алтыншы ,он тоғызыншы қара сөзін үнтаспадан тыңдату арқылы меңгерту.

Топтық жұмыс

 «Ескендір» поэмасын алты ойшыл қалпақ талқылаап өтеді
.
Оқушыларға оқыту: Қарасөз туралы теориялық түсінік.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.
Абайдың қара сөздерінің саны -46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.
Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда , Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:
«Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен».
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:
Дүниеніңтылсым сырларын тану:7, 19, 31, 38, 43
Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18
Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33,
Қазақтардың мінез-құлқы: 4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38
Қазақ мақалдары: 5, 6, 37, 39
Еңбек: 2, 4, 25, 42
Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40

Үй тапсырмасын оқушылар мына тест арқылы пысықтайды.
Ақ қалпақ-цифрлар арқылы жаңа мәлімет береді.
Сары қалпақ- позитивті жақсы жақтарын айту.
Қара қалпақ-осы тақырыптың жағымсыз қара жақтарын айту.
Көк қалпақ- Қорытынды жасаңыз
Оқушыларға Абайдың қара сөздерінің жазылуы туралы түсінік беріледі.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларға байланысты топтық жұмыстарды орындап ,топтан бір оқушы шығып әңгімелейді.

Қол шапалақ
Қол шапалақ
Қол шапалақ

7 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет