Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы Сабақтың мақсаты



Дата25.06.2017
өлшемі153,44 Kb.
#19916
түріСабақ

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тобы: ДМ -11

Оқыту тілі: қазақша

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

  1. Абай Құнанбаевтің «Ескендір» поэмасы мазмұнымен танысу, поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын тану. Поэманың сюжеті шығыстық болғанымен, мән-мағынасы Абайдағы өзекті ойдан келіп шыққанын меңгеру.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: Көркем туындыны түсіну, автордың идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын ашу, ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну. 
2. Әлеуметтік-мәдени: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде студенттердің дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға, өз біліміне, күшіне сеніммен қарауға тәрбиелеу.  
3. Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төсілдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы өз ойын, пікірін тұжырымдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың нәтижесі:

1. «Ескендір» поэмасы туралы түсініктері кеңейеді;

2. Абайдағы Ескендірдің келбеті туралы біледі;

3. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын біледі;

4. Жаман мінез-құлықтар мен адамгершілікке тән қасиеттерді айыра біледі.



Сабақтың табыс критерийлері:

1. Поэмадағыкейіпкерлердің образын аша біледі.

2. Поэмадағы негізгі кейіпкер туралы мәлімет алады.

3 . Жаман және жақсы қасиеттерді көрсете біледі.


Сабақтың түрі:

Сын тұрғысынан ойлау критерияларына құрылған аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, Инсерт әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Үнсіз қадам» әдісі, озба оқыту т.б.

Көрнекілігі:

Сабаққа қатысты эпиграф, слайд

Сабақта қолданылған құралдар:

интербелсенді тақта, компьютер.

Пән аралық байланыс:

тарих

Сілтеме:


1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.

2. А.Құнанбаев поэмалары.



Сабақтың барысы:

90 минут



САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

СТУДЕНТ ӘРЕКЕТІ

МОДУЛЬ, ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Ұйымдастыру кезеңі


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1. Сәлемдесу.

2. Психологиялық дайындық.

Мұғалім:


- Әрбір адам маған кім?

- Әрбір сабақ не берер?

- Әрбір ісің не?

- Әрбір сөзің қандай?





1. Студенттер орындарынан тұрып амандасады.
Студент:

- Туысым, досым, жұрағат.

- Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Тірлік, тірек, адамдық.

- Шындық, бірлік, адамдық.





3. Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларға мынадай сөздерді буынға бөліп беремін: қа-на-ғат-сыз-дық, а-дам-гер-ші-лік, ме-йі-рім-ді-лік. Буынға бөлінген сөздер қиындыларын қолданып, сөздерді бір-біріне қостырып, оқушылар үш топқа бөлінеді. Солай оқушылар «Қанағатсыздық», «Адамгершілік», «Мейірімділік»болып үш топқа бөлінеді.



3. 1. Студенттер алдарында жатқан буынға бөлінген сөздердің біреуін таңдап алады;

3.2. Буынға бөлінген сөздерді бір-біріне қосып, сөз жасайды.

3.3 Сөздердің құрастырылуы арқылы студенттер топтарға үнсіз қадам арқылы бөлінеді.


"Үнсіз қадам"әдісі, топқа бөліну


4. Үй жұмысын сұрау.

- Балалар, біз қай жазушының өмірі мен шығармашылығын өтудеміз?


- Дұрыс, Абай Құнанбаев кім? Слайд 1
- Абайдың қандай көркем туындылары бар?

- Жақсы, қарасөздерінің ішінен 11,15,17,18 қарасөздерін оқуға берген болатынмын. Осы қарасөздерінде не туралы айтылған?

- Үйге тағы қандай қосымша тапсырма берген болатынмын.

Студенттердің жауабы:

- Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтің .

Студенттер итербелсенді тақтадағы класстерді толтырады. Слайд 2

- Поэмалары, қарасөздері.

- Адамгершілік, ар-ұят туралы.


- Абайдың "Ескендір" поэмасын оқу.

"Топтастыру" әдісі, "Миға шабуыл" әдісі




5. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу және мақсатын анықтау.

Слайд 3 Александр Македонскийдің суреті.

- Мына суретте кім бейнеленген?

- Дұрыс, Абай қай поэмасында Александр Македонский туралы жазды деп айтқан болатынмын?

- Жақсы, сонымен бүгінгі сабағымыздығң тақырыбы, мақсат пен міндеттері қандай болмақ деп ойлайсызлар?

Слайд 4,5


Студенттердің жауабы:

- Александр Македонский.

- "Ескендір" поэмасында.


- Абай Құнанбаевтің "Ескендір" поэмасы.

Студенттер көзқарасымен мақсат қойып, міндеттерді анықтайды.





"Ой шақыру" әдісі




І. Білу.


1. Сабақ эпиграфы 6-слайдта жазылып тұр.
Қу жолдас болмас, әлі-ақ өтер, 
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! 
Ұятың мен арыңды малға сатып, 
Ұятсыз иман жоқ түпке жетер.

- Мына 4 шумақты өлеңде асты сызылған сөздер бар. Олар не деген сөздер?


- Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық. (2 топтың студенттері интербелсенді тақтадағы кестеге жаман, жақсы қасиеттерді жазады, ал 3 топ студенттері таразыға салып өлшеп отырады)


2. Тарихқа шолу. Александр Македонский туралы не білесіңдер?

3. Бүгінгі сабақ тақырыбы бойынша студенттердің білім деңгейлерін білу.

7- слайд. Студенттер итербелсенді тақтада берілген кестені толтырады. Екі топтан бір-бір студент шығып жазады.



Жақсы:

Жаман:

Талап

Жігер

Еңбекқорлық

Отансүйгіш

Адамгершілік

Мейірімділік

Ерлік

Әділеттік

Ар-намыс


Жауыздық

Қанағатсыздық

Ашу

Тойымсыздық

Қызғаныш

Ерегісу

Мақтаншақ

Өсек-өтірік


Студенттердің жауабы:

- Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі.

Әр топтан бір-бір адам шығып, интербелсенді тақтаға жауаптарын


Білетінім

Білдім

Нені білгім келеді









жазады. Слайд 8

«Миға шабуыл» әдісі, «Ой шақыру» әдісі

"Миға шабуыл" әдісі




ІІ. Түсіну.


1. Поэманың шығу тарихына тоқталу. Бір студентке үйде поэманың шығу тарихын біліп келуге тапсырма бердім

Шығыс ақындары Фирдоуси, Низами, Науаилардың суреттері көрсетіледі. 9 слайд




Студент дайындаған материалын оқып береді.

- Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатыны да – "Ескендір". "Ескендір" — поэмасы,зерттеушілердің пікірінше, 1900 – 1902 жылдар аралығында жазылған. Қазақ әдебиеттану ғылымында Абайдың "Ескендір" поэмасы назира түрінде Низамидың "Ескендір — намасының" негізінде жазылған деген пікір айтылып келеді. "Ескендір" — поэмасы Шығыс елдерінде "Ескендір Зұлқарнайын" деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.

"Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып-жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты-жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы 4 тармақты 42 шумақтан тұрады.


"Озба оқу" әдісі



ІІІ. Қолдану.

1. Проблемаға шығу:

Поэманы үйде оқып түсінгендіктен, талдау сатысына шығамыз. 


- Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не? 
Негізгі тақырыбы:

- Ескендір Зұлқарнайын туралы.

- Поэманың негізгі идеясы не?

- Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс.



2. Топпен жұмыс.

1- топ. Поэма желісі бойынша жоспар құру.
Жоспар:
1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары

2. Жорықтағы бұлаққа кездесуі
3. Ескендірдің бұйрығы
4. Күзетшінің сыйлығы
5. Аристотель шешімі
6. Ақын өсиеті

2- топ. Түсіндірме сөздікпен жұмыс.
1. Хакім - ғалым

2. Данышпан - оқымысты
3. Иман - дін, Алланы мойындау
4. Ғибрат - үлгі
5. Нәпсі - құмарлық
6. Араны - көз тоймау

3-топ. Аристотельге мінездеме беру:
Ғұлама, байсалды, әділ
Ғалым, ақыл иесі, қазы
- Аристотель кім? Ол поэмаға неліктен енгізілген? (Анықтама беру)

Студенттер топ арасында өз ойларымен бөлісіп, поэманың тақырыбын ашады және бір топ мүшесі сөйлейді.
1- топ студенттері поэма желісі бойынша жоспар құрады.

Студенттер түсіндірмелі сөздіктен көнерген сөздердің мағынасын тауып, интербелсенді тақтада жазады. Слайд 10


Студенттер Аристотельге мінездеме жазады.
Студенттер Аристотельдің поэмаға не үшін енгізілгені туралы ойланып жауап береді.

Проблема-лық сұрақ қою әдісі

Топпен жұмыс

Проблема

лық сұрақ қою әдісі



ІҮ. Талдау (анализ).

КУБИЗМ стратегиясы.

Суретте. Поэмадағы Ескендір бейнесін суреттеу ұсынылады. Ескендір - іші тар, көрсеқызар, баққұмар, тойымсыз, қатыгез патша.
Салыстыр. Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады) 


Зертте. "Абай "Ескендір" поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды" деген пікірді қалай түсіндіресіздер? 
Қолдан. Ескендірдің психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. (Оқулықпен жұмыс) 

Бекіту.

1-топ Поэмадан өсиет өлеңді тауып алып, мәнерлеп оқу.

2-топ. Кестені толтыру. Кестені алдарына да беру.

3-топ. "Семантикалық кестені" толтырту. Кесте слайдта да көрсетіледі, алдарына да беріледі.

Топтық жұмыс.

І топқа:


1) Поэмадағы Ескендірді ауызша бейнелеп береді немесе сурет салады.

ІІ топқа:

2) Венн диаграммасын қолданып, Ескендір мен Аристотельді салыстырады.

ІІІ топқа:

3) "Ескендір" поэмасының жазылу тарихына қатысты пікірлерін айту.

Ескендірдің психологиялық жай күйін бір студент оқып береді.

1)Студенттер поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқиды.

2) Кестені толтырады. 11-слайд



Мәтін

нен үзінді



Үзінді жайлы пікір

Ой - тұжырымға сәйкес мақал- мәтел

Долдықпен хан Ескендір ашуланды,тАшуланып қақпаға жетіп барды.

Хан қаһарлы, қатыгез

Ашу- дұшпан, ақыл -дос, ақылыңа ақыл қос

3) Кестені толтыру. 12-слайд.



Шығар

мадан үзінді



Ескендір

Аристо

тель


Күзетші

Ең болмаса, халқыма көрсетейін, Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер.

+









Топпен жұмыс

Веннн диаграмма

сы

"Автор орындығы" стратегия



сы.
"Екі түрлі түсіндірме күнделігі" стратегия

сы


Ү. Жинақтау (синтез).

«Инсерт» әдісін сабақтың соңында ауызша түрде қолданамын:


Білетінім

Білдім

Нені білгім келеді?













Студенттер «Инсерт» әдісі арқылы поэма бойынша «Не білетінін? Нені білгенін? Нені білгісі керектігін?» өз ойларын, пікірін айтады.




ҮІ. Бағалау.

Бір айналым сөйлем. Тақырып бойынша бір айналым сөйлеммен түйіндейді.

Критерий бойынша қорытынды бағасын шығару. Бағалау парақшасын сабақтың басынан толтырып отырамын.



Бүгінгі сабақ тақырыбы бойынша бір сөйлеммен қортындылайды.




Үй тапсырмасын беру

- «Ескендір» поэмасының соңғы 4 шумағын жаттау.







Қоштасу

- Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтау.

 
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды, 


Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды? 
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, 
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
 

- Сау болыңыздар!









Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет