Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс» Ашық сабақ 5 «Е» сынып Мәжит Жанна Ұзынағаш, 2016жыл



Дата10.06.2017
өлшемі62,36 Kb.
#18422
түріСабақ
С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»

Ашық сабақ 5 «Е» сынып


Мәжит Жанна


Ұзынағаш, 2016жыл



Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қыс»

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Оқушыларға Абайдың жылдың қыс мезгіліне арнап жазған өлеңін барынша терең меңгертіп, жатқа айту, өлеңді талдау, машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарын түсіндіру.

2.Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік. Абай шығармаларын оқи отырып Абай ұлылығын терең сездіру, туған жер табиғатына қамқор жасауға баулу, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: Абай суреттері, слайд, презентация

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу

2.Сабаққа дайындықтарын қадағалау

3.Шаттық шеңберін құрып, тілектер айту



Жыл мезгілі бойынша үш топқа бөлу

II. Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсарин «Әке мен бала»
1. Ы.Алтынсарин кім, қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

2.Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?

3. «Әке мен бала» әңгімесінің негізгі тақырыбы не?

4.Әкесі соңында баласына не деп айтады?



ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту кезеңі.
1. Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары? (1841 - 1889)
2. Ыбырай Алтынсарин қайда дүниеге келген? (Қостанай облысы)
3. Ыбырайдың әңгімелерінің тақырыбы не туралы. (Еңбекке баулу, тәрбиеге, білімге шақыру)

4.Ыбырай Алтинсариннің балаларды білімге шақыратын қандай өлеңін білесіңдер? (Кел, балалар, оқылық!)

Әңгіменің аты?

Авторы кім?

Кейіпкерлері

Қандай?

Тақырыбы

«Әке мен бала»

Ы.Алтынсарин

Әкесі

Еңбекқор, ақылды

Еңбек туралы

Баласы

Жалқау, еріншек

-Олай болса еңбек туралы кім мақал – мәтел біледі? Бір – бірден айтайық.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ:
Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап (Бұл қай мезгілде болады?)



  1. - Қазір жылдың қай мезгілі?
    - Қыс айларын ата?
    - Қыс несімен сендерге қызықты?

- Қыста күн қандай болады?

ІҮ.Жаңа сабақ: Абай Құнанбайұлы «Қыс»

Жақсы балалар, олай болса бүгінгі жаңа тақырыбымыз Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

1.Автор туралы мағлұмат. Абай Құанабаев

2.Абай туралы не білесіңдер?

Ұлы ақын, сазгер, аудармашы, шешен, ағартушы, әдебиеттанушы.

Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абайдың көптеген шығармалары бар. Ол өз шығармаларында жастарды өнер-білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді. 176 өлең, 3 поэма, 45 қара сөз, 1 мақала жазған.

Абай Құнанбаев жай ғана ақын емес, лирик ақын. Табиғат жыл мезгілдерінің бәріне арнап өлең шығарған. Соның бірі «Қыс».



  1. Өлеңнің шығу тарихынан - Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
    «Қыс» өлеңін оқу, тізбектетіп оқыту.

  2. 2. Өлеңді мұғалім оқып түсіндіреді.
    Өлеңді мәнерлеп оқу.
    Тізбек бойынша 1 шумақтан мәнерлеп оқыту.
    Өлеңді талдау.



Өлеңнің мазмұнын ашу.

Сұрақ-жауап.

1.Автор қысты кімге теңейді?

2.Шалдың киімдері қандай?

3.Киім деп отырғаны не?

4.Малшы туралы не делінген? 

5.Балалар туралы не делінген?

6.Қыс несімен көңілді?

V. С ө з д і к жұмысы.
Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді, түк көрмейтін, аямайтын қаталдық.
Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
Бұрқ, сарқ – қатты дауыл, боран болғандағы аяз, жел күшейгенде.
Осқырайтып – бір шекесіне сәндеп кию.
Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім.
Ұшпа – жеңіл, жұқа қар

СЕРГІТУ СӘТІ: Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық - ай» - тыңдату «Синквейн» әдісі: 1. не? Қыс .

                       2. қандай? Боранды.

                        3. не істейді? Тоңдырады.

                       4. сөйлем құру. Қыста күн уық. Қармен ойнаймыз.

                        5. антоним. Жаз

VІ. О й қ о з ғ а у

Ө


аяз
леңнен сын есімдерді тауып, (қандай?) деген сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.


суық

боранды


ызғарлы


ҮІІ. Қорытынды сұрақтар:

«Алма ағашы» суреті арқылы сабақты қорытындылау.


● Ақын қысты кімге теңеген?
● Ақын қыстың күшін қалай бейнелеген?
● Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген?

Сонымен, балалар, Абай кім? Яғни ұлы ақын Абай туралы көптеген ақын жазушылар да айтып кеткен. Мысалы: Ш.Айтматов, Ғ.Мүсірепов, А.Байтұрсынов


ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
ІX. Бағалау

Сабағымыз ұнаса, түсінсеңдер смайлик арқылы білдіріңдер.



Сабағымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр.

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.

Н.Ә.Назарбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет