ҚБ:/ жұлдызша арқылы /
2 тапсырма «Саяхат» әдісі арқылы Абай әлеміне ену. Оқушыларға сыни ойлау, шығармашылық тапсырмаларды ұйыдастыру арқылы оқылым мен айтылым дағдысын қалыптастыру.
Мәтін:
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
(1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиеті нің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа
мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.
Сұрақ:
Абай өлеңдері несімен құнды?
Абай қазақ мәдениетіне қандай үлес қосты?
Достарыңызбен бөлісу: |