Қызығушылықты ояту
Абай Құнанбаевтың бізге қалдырған асыл мұралары, өлеңдерінің негізгі тақырыбы. Қазақтың өз баласын тәрбиелей алмайтынын өткір сынға алады. Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға бағыттап, жөнсіз мінезге баулитынын айтады.
Баланы тәрбиелеуде ерінбеуге, жалықпай ұстаздық етуге шақырады. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға- деп, ең тамаша да, жауапты, абыройлы іс- ұстаздық етіп тәрбиелі де білімді шәкірт қалыптастыру әр ұстаздың бақыты деп тапсырады.
«Адамның кейбір кездері...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады. Абайдың сөз өнері, өлең, ән туралы ең таңдаулы лирикалық туындыларының бірі. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, каралы - ол...», «Көңіл кұсы кұйқылжыр шартарапқа...», «Өзгеге көңлім тоярсың...» сияқты өлеңдерінде Абай өлең мен әнді, ақындық, әншілік өнерді өте жоғары бағалайды. Сөз өнерінің халықтың өмірі, күнделікті тұрмысымен тығыз байланысты екенін танытып, ақындардан алдына үлкен қоғамдық мақсат қоюын, өмір шындығын, халықтың арман-тілегін, қуанышын, қайғы-мұңын терең түсініп, көңілге қонымды, нанымды етіп айта білуді талап етеді. «Адамның кейбір кездері...» де, міне, осындай ақынға үлкен қоғамдық міндет артатын шығарма. Абай поэзиясы, өлеңді аса маңызды өнер ретінде бағалай отырып, ақындық шабыттың сыры, қуат-күші жайында тебірене ой толғайды. Ақын не туралы жазу керек, қай тұрғыдан келіп, қалай айтуға керек деген мәселені қозғайды. Рухтанып, бойына жойқын жігер күш пайда болып, шынайы шабыты келгенде ақын ұшқыр қиялмен өмірдің жағымды кірінен тазаланған жағын да көре отырып, көлеңкелі жақтарын, надандық пен зұлымдықты сынай, шеней білуін, әсіресе, құптайды:
Өлеңнің «Адамның кейбір кездері...» деп басталатын алғашқы үш шумағы осы келтірілген үзіндімен мағынасы жағынан әбден сәйкес, кейбір сөйлемдері дәлме-дәл келетінін байқау қиын емес. Ал «Сонда ақын белін буынып» деп басталатын соңғы төрт шумағы орысша текстің «Тогда с отвагою свободной» деп басталатын орыс ақыны өлеңінің кейінгі жағымен кей жері сәйкес болғанымен, көбінесе өзінше келеді. Түгелдей алғанда Абайдың бұл өлеңі оның төл шығармасы деп саналуы әбден орынды. Өйткені, Нәзира дәстүрімен жарыса жазылған өлең деуге лайық. Өлең 7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғашқы рет 1909 ж. С.Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1910 жылғы Мүрсейіттің қолжазбасында 1-шумақтың 2- жолы «Көңілден алаң басылса» делінсе, кейінгі басылымдарда 1909 жылғы жинақ негізінде бұл жол «Көңілде алаң басылса» болып берілген. 1909, 1939 жылғы жинақтарда 3-шумақтың 3-жолы «Қуаттан ойдан бас құрап» болса, қалған басылымдарда Мүрсейіттің 1910 жылғы қолжазбасына сәйкес «Қуатты ойдан бас құрап» түрінде алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |