Оқылымалды тапсырмасы:
(Ж) Мұғалім bilimland.kz сайтынан өлең туралы қысқаша түсінік тыңдатады. Оқушылар аудиалды және визаулды қабылдап өз түсінгенін білдіреді.
Дескрипторы:
-қосымша ақпарат көздерінен алыған мәліметті тыңдайды;
Оқылым тапсырмасы:
(Ж) Өлеңді оқиды, түсініксіз сөздерді белгілеп, сөздік арқылы анықтайды. Төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
«Адамның кейбір кездері» өлеңінде ақын қандай сәт туралы ой қозғайды?
a. поэзияның туу сәті, шабыт тылсымы;
b. адамның жабырқаңқы сәті;
c. ақынның надандыққа ызалы кезі;
d. ақынның таң алдындағы сәті;
2. Дұрыс жауабын белгілеңіз.
Қыранша / Сұңқарша қарап Қырымға, Мұң мен зарды қолға алар.
3. Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.
_________жүрек, _________қол,
_________сия, _________тіл.
Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер, өзің біл.
Қажетті сөздер:Улы, Ызалы, Долы, Ащы
Дескрипторы:
-мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
-сұрақтарға дұрыс жауап береді;
Оқылымнанан кейінгі тапсырма
(Ж) «ФИШБОУН» кестесін мәтін мазмұны бойынша толтырыңдар.
Балықтың басы – тақырыбы
Оң жақ сүйегі - мәселелер
Сол жақ сүйегі - шешу жолдары
Құйрығы - қорытынды
Дескрипторы:
-мәтін мазмұнына қорытынды жасайды;
өз көзқарасын білдіреді.
Әрине, түңілуге болмайды. Өмірді сүю керек. Өмірдің әр сәтінен, әр мезгілден, әр шақтан ләззат ала білген жанға өмір тамаша! Дүр дүниенің біз білмейтін, біз білмей кететін қаншама жұмбақтары бар...
Үйге тапсырма
Өлеңнен үзінді жаттау
Кері байланыс
Қай тапсырма қиын болды?
Қай тапсырма қызық болды?
Достарыңызбен бөлісу: |