Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"



Дата10.06.2017
өлшемі78,61 Kb.
#18412
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: әдебиет

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Абайдың шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

Тәрбиелік: оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, баяндау, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті, суреттер т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, сөз өнері

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Абайдың музыкалық шығармалары туралы қосымша дерек

«Қызығушылықты ояту “Кім жылдам?”

1. Абай кім?

2. Қашан. Қай жерде, дүниеге келген?

3. Абайдың шын есімі кім?

4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

5. Қандай әндерін білесіңдер?

6. Қанша қара сөзі бар?

7. Ұлы ақын туралы жазылған роман-эпопея қалай аталады?

8. Оның авторы кім?

9. Ән туралы жазылған қандай өлеңдері бар?

Топтастыру әдісі

 Хронологиялық таблицамен жұмыс:



Өлеңдері

Қара сөзі

поэмалары

күйі

176 өлеңі бар

45 қара сөзі бар

«Ескендір»

«Масғұт»


«Әзімнің әңгімесі»

«Май түні»

«Тор жорға»

«Абай желдірмесі»


ІІІ. Жаңа сабақ.

“Әсемпаз болма әрнеге” өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге  баулиды. Адам баласына қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты – мұз болып қайда барарын білмейді. Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық  болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады. 



ІV. Оқулықпен жұмыс.

“Әсемпаз болма әрнеге” өлеңін мәнерлеп оқыту. 

Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау. 


  1. Әсемпаз болма әрнеге

  2. Өнерпаз болсаң-арқалан дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?

3. “Алдың-жалын, артың – мұз” деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

4. “Пайда, мақтан, мінін ұрлап, бәйге, жасыру,” сөздерінің мағынасын ашыңдар?

5. Осы өлеңде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?



V. Дәптермен жұмыс. “Пайда, мақтан, бәйге, жасыру”  сөздерінің синонимін тауып, дәптерге жазу. 

Ойталқы

  1. «Әсем» және «әсемпаз» сөздерінің мағынасын ашып түсіндіріңдер

  2. Мына сөз тіркестерінің мағынасын түсіндір.

Әсем қала, Әсем табиғат ,Әсем мінезі

Әсемпаз сөзінің мағынасын салыстыр.

  • Әсем киінетін адам

  • Әр нәрсемен айналысып, істі аяқтамайтын адам.

  • Әсемдікті жақсы көретін адам.

  • Әсемдікті жасайтын адам.

  • Әр нәрсеге қызығатын адам

    Ақының нақылға айналып кеткен өлең жоладарын дәптерге түсіріп алу. 

Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі. 

Өлең 6 шумақтан, әр шумақ 4 тармақтан құралған. 

Шалыс ұйқаспен жазылған.

Ә-сем-паз // бол-ма// әр-не-ге      8 буын       а)

Ө-нер-паз // бол-саң// ар-қа-лан,  // - //          б)

Сен/-де бір // кір-піш // дү-ние-ге, // - //         а) 

Ке-ті-ген // тап та //бар қа-лан!  // - //             б)



«Әсемпаз болма әрнеге» СКТ

1.Авторы: Абай Құнанбайұлы 1845-1904 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген, ақын, аудармашы,жазба әдебиеттің негізін салушы.


2.Тақырыбы: «Әсемпаз болма әрнеге»
3. Жанр түрі: Лирика философиялық лирика
4. Идеясы: «Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан»


5.Шумақ саны: 6
6. Тармақ саны: 24
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 7-8
9.Ұйқас түрі: шалыс ұйқас

10. Әдеби- теориялық ұғымдар

10.1 Троп- сөзді құбылту

а) омоним- туған, жақ

ә) метафора-алдың- жалын, артың- құз, сен де бір кірпіш

б) антоним- қашқан- қуған

11. Түсіндірме сөздік:

езбе- мезі етуші, мыжың

шапқат- мейірім

12. Өлеңнің түйіні: «..Ақырын жүріп, анық бас

Еңбегің кетпес далаға»

Дәл бұл жерде тек Абай өлеңінде бір рет қана кездесетін «арқалан» сөзінің төркіні туралы сөз қозғағалы отырмыз. Кез келген қазақ баласы жатқа білетін Абайдың —

“ Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан,

— деген өлеңіндегі «арқалан» сөзінің, сырт көзге, мағынасы әркімге де акық, түсінікті сияқты. Осы күндері баспадан шыққан түсіндірме сөздіктерімізде де, бұл сөздің түсінігіне келгенде, жұртқа мәлім мағынадан аса алмаған. 1959—1961 жылдары шыққан екі томдықта Абай өлеңіндегі «арқалан» сөзіне «біреуге сену, сүйену» деп түсінік берілсе, «Абай тілі сөздігінде» (1968):



Арқалану — өз күшіне сену, масаттану, мақтану.

Ал 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» бірінші томында (1974):



Аркалан — арқа сүйеу, сену.

Абай осы өлеңінің соңында:



«Мақтанды іздеп, кайғы алма...» десе, «арқалан» сөзі дәл бұл жерде «масаттан, мақтан» мағынасы орнына қолданылып отыр деуге ауыз бармайды. Міне, осындай пікір таласы үстінде ертедегі түркі жазба ескерткіштері дерегінің пайдасын қолма-қол көреміз. Өткен дәуірдегі түркі тілдерінде «арқаланның» біз білетін мағынасымен қоса екінші ұғымы да болған. Ол — ізден, іздену: «біліг чіндә ерсә сіз арқаң» — «даналық Қытайда десе де, сіз іздеңіз». Сөйтіп, Абай «арқаланының» мағынасы «ізден» дегенге нұсқайды. Егер өлең желісін ой таразысына салсақ та, елегінен өткізсек те, өз пікірімізге, көңіліміз кәміл сене түседі. Өйткені «ізденбей», тек «мақтану, масаттанумен» жүрген өнерпаз дүние «кетігін тауып, кірпіш болып қалана қоюы» екіталай. Бұл жерде біз жазба ескерткіштегі бір сөзді тауып алып, ойымызға арашашы болсын деген ниетпен, жармасудан аулақпыз. «Арқа» сөзінің «ізде» мағынасы қазіргі кездегі тофа, тува, алтай іспеттес түркі тілдерінде сақталғандығымен де дәлелдейміз

VІ. Сөздікпен жұмыс.

Шапқат (шапағат) - мейірім, жәрдем, көмек.



Ез (езбе) – мезі етуші, мыжыма.

Сабақты қорытындылау
1)Адамға өмірде керек қасиеттерді және керек емес қасиеттерді теріп жаздырту.

Білім сөзімен келетін ассоциацияларды жазыңдар.

Сұрақтарды топта талқылаңдар.

  1. Адамға білім қалай келеді?

  2. Білімді қандай адам іздейді?

  3. Талапты бала деп кімді айтады?

  4. Бұл сөзді қай уақытта кімнен естідің?

Білімді адам болудың маршрутын сызып көріңдер. Баспалдақтар санын көбейтуге болады.

Ситуациялық сұрақ. Барлық адам мектепте оқиды? Бірақ бәрі білімді адам болады ма?Білімді адам болуы мұғалімге байланысты ма, адамға байланысты ма?

Білімді адам болуы қандай қабілеттер болу керек?Төмендегі сөздерді тізімін қара, қандай сөздер сіздің ойыңызға сай келеді?

  • Талапты

  • білімді

  • тез ұғып алатын

  • зерек

  • ұқыпты

  • сабырлы

  • ойлы

  • тойшыл

  • қыдырымпаз

  • салмақты

  • тынымсыз

  • ерме

Осы сөздердің ішінен білімді адам болу үшін керекті сөздерді табыңдар.

VІІ. Үйге тапсырма. 1. Өлеңді жаттау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет