Сабақтың Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «ғыЛым тАпАй мАқтАнбА»



Дата16.11.2022
өлшемі1,22 Mb.
#158465
Байланысты:
.М.Әуезовтің «Абай жолы» роман –эпопеясындағы гуманистік идеяларды талдау


ҚР Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру университеті
СӨЖ № 5
Тақырыбы:.М.Әуезовтің «Абай жолы» роман –эпопеясындағы гуманистік идеяларды талдау
Пәні: Көркем шығарманы танымдық тұрғыдан оқыту
Студент: Райханова Айдана
Оқытушы: Бораш Р.Б.

Мұхтар Әуезов

«Абай жолы» роман –эпопеясындағы гуманистік идеяларды талдау

Қазақ көркем прозасының шыңы .

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік әдеби үдерістегі гуманистік-ізгілік тақырыбын көтерген көркем әдебиетіміздің айрықшалығын танытатын шоқтығы биік туынды болатын болса, оның діни мазмұн-мәні талдау үрдісінен тыс қалып қоюға тиіс емес. Себебі, онда романнан оқушы қабылдайтын гуманистік көзқарастардың негізі жатыр. Романдағы діни тұрғыдағы имандылық мәселелері жоғарыда көрсетілген талдау түрлерін қолдану жолымен сарапталады. Оны композициялық-құрылымдық, кейіпкерлер бойынша, автор ізімен немесе проблемалық-тақырыптық талдау жолымен де жүзеге асыру мүмкіндігі мол.

 романдағы төмендегідей тақырыптық арналарға назар аудару арқылы гуманистік идеялар сараланды:

- «Абай жолы» роман-эпопеясындағы оқу-білімге байланысты исламдық көзқарастар;

- шығармадағы діни адамдар бейнесі;

- роман-эпопеядағы діни ұғымдар, наным-сенімдер;

- шығармадағы дінге қатысты мақал-мәтелдер, айшықты сөздер, терминдер, фразеологизмдер.

Аталған тақырыптардың әрқайсысы өз алдына айрықша мән бере зерделейтін күрделі де маңызды мәселелер. Бұлардың қай-қайсысы да шығармаға жаңаша көзқарастар тұрғысынан баға беруге, бүгінгі заман талабына сай рухани құндылықтарымызды қадірлеп-қастерлеуге, гуманистік ой-пікірлерді дамытуға, шәкірттердің жеке тұлға ретіндегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мұндағы басты міндет – дінді жалпы адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде саралай отырып, оның қоршаған ортаны, төрткүл дүниені танып-білудің, оны рухани меңгерудің құралы екендігін, дін – діни сана, діни сенім-наным, діни ұйымдардан тұратын әлеуметтік рухани жүйені құрайтынын ұғыну болуы тиіс. Өйткені, күллі адам баласының даму тарихы, өсіп-өркендеуі, қалыптасып жетілуі дінмен тығыз байланысты. Сондықтан діни наным бұрын да, бүгін де, бұдан былай да барлық адамгершілік мұраттарды, жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды, гуманистік идеяларды көпшіліктің меңгеруінің, шын жүрегімен қабылдауының ең пәрменді тәсілі болып қызмет ете бермек. Оған қоса қазіргі әлемдік жаһандану үрдісі, еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылу жолындағы әрекеті ең алдымен рухани ой-сананы жетілдіруді, ұлттық құндылықтарымызды берік орнықтыруымызды талап етеді. Ал дін − біздің рухани байлығымыздың қайнар бастауы, елдік тұтастығымыздың негізгі іргетасы.

 2009-2010 оқу жылынан бастап Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығымен жалпы білім беретін орта мектептердің ІХ сыныптарының оқу жоспарларына «Дінтану» пәні енгізіліп отыр.

Қазіргі өскелең өміріміздегі, жаңарған қоғам дамуы тұсындағы − жергілікті халықтың, сондай-ақ, бүкіл еліміз жұртшылығы мен дәстүрлі діндер өкілдері назарын аударып, алаңдатып отырған ерекше мәселе − біздегі қаптаған шетелдік дін уағыздаушылардың іс-әрекеттері белең алған жағдайда гуманистік ой-пікірлерді тілге тиек ете отырып, ата дініміз жөніндегі мұндай мағлұматтарға тиісті мән беру бәріміз үшін аса қажетті. Бұл, әсіресе, жас жеткіншектерді бүгінгі діни ақпараттар ағымына теориялық тұрғыда сауаттандырып әзірлеу міндетін қояды. Осы мақсатта нысаналы жұмыс жүргізу жалпы орта білім беретін мектептер мен арнаулы және жоғары оқу орындары үшін маңызды міндет болуы керек.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романын талдауға байланысты ұсыныстар зерттеу жұмысында толық көрсетілді:

- қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу бағдарламаларына және оқулықтарға көркем әдебиетті оқып-үйренудің ерекшеліктерін, тілдік көркемдіктерін, стильдік өзгешеліктерін, әдеби салыстыруларды, өзара әдеби байланыстар мен өзара ықпалдастықты, әдеби даму үрдістерін енгізген жөн;

- әдеби шығармаларды оқып-үйренуде оның негізіне гуманистік-ізгілік, рухани-адамгершілік талаптар қою ұстанымдарын жетілдіру қажет;

- қоғамның гуманистік тұрғыдағы бағалылығы дәлелденетін және суреттелетін көркем шығармалар (оның үзінділері) басты мәселе ретінде мақсатты түрде алыну керек


- А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов және т.б. қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқытуда жақсылықты, адамгершілікті, жанашырлықты, адалдықты, бәрін бір сөзбен айтқанда, гуманизмді насихаттауға айрықша көңіл бөлу қажет;

Автор ізімен талдау бойынша

Кейіпкерлер жүйесін талдау арқылы

Тілдік ерекшеліктерді талдау бойынша

Композициялық- құрылымдық талдау арқылы

Тараудан тарауға қарай діни мәселелердің суреттелуі

Кейіпкерлер және олардың бойындағы көрінетін діни- гуманистік көзқарастар

Діни лексика және оның гуманистік мазмұн-мәні

Сюжеттер, детальдар, штрихтар

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын талдауда діни мәселелерді қарастыру тәртібі берілді.
Кесте 2 – Діни мәселелерді қарастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет