Пәні: әдебиеттік оқу 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. "Қыс"
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абайдың жылдың қыс мезгіліне арнап жазған өлеңін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру.
Дамытушылатық мақсы: Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Абай шығармаларын оқи отырып, төл әдебиетіміздің, тіліміз бен мәдениетіміздің сарқылмас қазыналарынан үлгі алуға тәрбиелеу. Абай ұлылығын терең сездіру, туған жер табиғатына қамқорлық жасауға баулу. Поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілі: «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы, электронды оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс,сөздік жұмыс, топтастыру стратегиясы,ой қозғау,слайдтар.
Сабақтың көрнекілік құралдары: слайд,электронды оқулық, жетондар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ Аққала тобы, 2-топ Ақшақар тобы, 3-топ Шырша тобы. Психологиялық дайындық.
Мынау менің – жүрегім
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау иенің – оң қолым,
Мынау менің – сол қолым,
Барлық істі атқарған.
II. Үй тапсырмасы: Абай Құнанбаев туралы мәлімет. Өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.
Қызығушылықты ояту.
Электронды оқулықтағы қыс мезгіліне байланысты берілген жұмбақтарды шешу.
Сонан соң оқулықтың 115-бетіндегі жұмбақтар шешіледі.
Слайд. Қыс мезгілі туралы суреттер көрсетіліп, әңгіме құрастырылады.
1. Қыс мезгілі туралы сурет бойынша әңгіме тыңдалады..
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата?
- Қыс несімен сендерге қызықты?
Әр топқа тапсырмалар беріліп, сол бойынша өз ойларын айтады.
1-топ Қысқы табиғат өзгерісі.
2-топ Жан-жануарлардың қысқы тіршілігі.
3-топ Қысқы ойындар
Топтастыру ассоциациясы:
1-топ Қар қандай? 2-топ Қыс қандай? 3-топ Аяз қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқушылар,бүгін біз «Туған жерге қыс келді» тарауын бастаймыз.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге – деп С.Торайғыров ақын айтқандай бүгін
Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңімен оқып танысамыз.
(Электронды оқулықтың көмегімен ұлы ақын Абай атамыз туралы мәлімет беріледі)
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. (Абай)
Осылайша өзінен кейінгі ұрпаққа салиқалы сөзімен салмақты ой қалдырған ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 - 1904) Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды.
Кішкентайынан зерек Абай көпті көрген әжесі Зеренің және Ұлжандай ақылды ананың тәрбиесінде болған. Әкесі Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Абай ауқатты от басынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Сонымен қатар, Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай», «Жаз», «Жазғытұры» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі.
Сергіту сәті «Жұмыр қылыш» әуеніне байланысты сергіту жаттығуы жасатылады.
ІV. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Тізбек бойынша бір шумақтан мәнерлеп оқыту.
Өлеңнің мазмұнына талдау жасау.
V. С ө з д і к жұмысы.
Соқыр, мылқау – түк көрмейтін, аямайтын қаталдық.
Бұрқ, сарқ – қатты дауыл, боран болғандағы аяз, жел күшейгенде.
Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім.
Алты қанат ақ орда – алты керегелі үлкен үй.
Суретпен жұмыс:
- Ақын қолданған сөздерді пайдаланып,адам бейнесіндегі қысты сипаттаңдар.(116-бет)
VІ. Жорамалдар: Халықтық педагогика.
1 Жаз құйынды болса, қыс қатал болады.
2 Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады. 3 Қоянның бүйрегі майлы болса,қыс аязды болады. 4 Ит қарға аунап құтырса, боран болады. 5 Жаз жаңбырлы болса,қыс қарлы болады. 6 Шөп буыны ерте қатса, қыс жайсыз болады. Шығармашылық жұмыс. Өлеңді аяқтап жаз. ---------------------------------------- даламыз ---------------------------------------- баламыз ---------------------------------------- шанамыз ---------------------------------------- боламыз.
VІІ. О й қ о з ғ а у. Мақалды жалғастыр.
1 – топ Қыс қысыларсың, ----------------------------- .
2 – топ Қыстың қамын --------------------------------- . 3-топ Жазда жинақталмаған, ------------------------- .
ҮІІІ . Ой толғаныс Абай Құнанбаев туралы не білдік? Абайдың шын аты кім? Неге Абай деп атаған? Абай атаны әлемге танытқан кім? Қандай өлеңдері бар?
Ақын «Қыс» өлеңінде қысты кімге теңеген?
Ақын қыстың күшін қалай бейнелеген?
Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген? Топтастыру ассоциациясы. Абай кім?
ІX Үйге тапсырма Өлеңді жаттау, қыс мезгілі туралы эссе жазу.
X Бағалау Оқушылардың жинаған жетондары есепке алынып, білімдері бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |