Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз сегізінші қарасөзі
Білімділік мақсаты: Абайдың қарасөзін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, достықтың адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөзінің мәнін, философиялық ойды түсінулерін тексеру.
Дамытушылық міндеті: мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдылық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс жасай білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
Тәрбиелік мәні: ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, «Абай» энциклопедиясы, Абайдың кітаптары, тапсырмалар, карточкалар, оқулық.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарын сабақққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің сөзі: - Балалар, өткен сабақта біз қай ақынның шығармасымен танысып талдадық? Соны қайталайық.
Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақтар:
1) Сүйінбай кім? Ол қайда туған?
2) Сүйінбайға ақындық кімнен келген?
3) Сүйінбайдың шәкірті кім? Ұстазына құрметі оның қай сөздерінен көрінеді?
4) Сүйінбайдың жырлауында жақсы жігіт қандай болады?
5) «Жақсы жігіт елінің ағасындай» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
6) Ақын жақсы адамды неге «миуалы алмаға» теңейді?
7) Жаман адам неге тал түсте адасып жүреді?
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын, қарасөздердің идеясын түсіну, тапсырмалармен жұмыс жасай отыра «Отыз сегізінші қарасөзді» меңгеру. Дәптерді ашып бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.
Қарасөз дегеніміз-ғылым туралы,философия туралы,дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.Абай Құнанбаевтың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар.
Қарасөз-арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес.Ғақлия көркем сөз,дана сөз,асыл сөз деген мағынаны білдіреді.Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»
Н.Ә.Назарбаев
Абай шығармалары
Күз
Қыс
Ғылым таппай мақтанба
Әсемпаз болма әрнеге
Құлақтан кіріп, бойды алар
Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы
Аудармалары
Қараңғы түнде тау қалғып ( М.Ю.Лермонтов)
Қанжар (М.Ю.Лермонтов)
Шегіртке мен құмырсқа (И.А.Крылов)
Есек пен бұлбұл (И.А.Крылов)
Түлкі мен қарға (И.А.Крылов)
Евгений Онегин (А.С.Пушкин)
Татьянаның Онегинге жазған хаты (А.С.Пушкин)
Абай әндері
Желсіз түнде жарық ай
Көзімнің қарасы
Айттым сәлем ,қаламқас
Сегізаяқ
Поэмалары
Әзім әңгімесі
Мәтінмен жұмыс
Сұрақтар
1.Құдай Тағала дүниені қалай жаратқан?
2.Адамның ізденісінің алды не?
3.Достықтың қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
4.Дос табу үшін неден аулақ болу керек?
5.Надандық неден туады?
6.Өнердің дұшпаны не?
7.Талапсыздық дегенді қалай түсінесіңдер?
8.Адам баласын қор қылатын нәрселерді атаңдар?
9.Соның ішінде қайсысы адамды хайуанға айналдырады?
Сөздікпен жұмыс
Қара сөз –слова назидания
Ұлы ақын-великий поэт
Тұжырымдар-выводы
Тәлім-тәрбиелік мәні-воспитательное значение
Мәні терең-глубокий смысл
Талап қылу-требовать
Қарызды іс-без долга
Тапсырмалар
1.Абайдың қарасөзін мәнерлеп оқыңдар.
2.Мәтін мазмұнына сай тақырып қойыңдар.
3.Абай неге жақсылықтың басы-дос көбейту дейді.
Өздеріңнің пікірлерің қалай?
4.Абайдың осы сөзінен қандай тұжырым жасадыңдар?
Ойларыңды қысқаша айтыңдар?
5.Абай білім-ғылымды қалай бағалаған?
Ү. Бекіту.
Тапсырма.Төменде берілген сөздердің антонимін жазыңдар
Өсу-
Алды-
Дос-
Артық-
Тыныш-
Жақсы-
Кедейлік
Басы-
Дұшпан-
Сабақты қорыту
Сөзжұмбақ шешу.
1.Абайдың анасының аты кім?
2. «Қараңғы түнде тау қалғып » өлеңінің орысша баламасын Абай орыс ақыны кімнен аударды?
3.Абай қай өңірде дүниеге келді?
4.Абай-переводчик сөйлеміндегі переводчик сөзінің аудармасы?
5.Әбдірахман,Мағауия Абайға кім болады?
6.Назидание сөзінің аудармасы?
7.Абайдың әкесінің аты кім?
Тапсырма
Төменде берілген сөйлемдерді аяқтап жазыңдар.
1.Абай Құнанбаев-қазақтың...
2.Ол көптеген...
3.Сондай-ақ ол өз ойларын...
4.Соның бірімен біз бүгін...
5.Бұл қара сөздің тақырыбы...
6.Мен одан...
7.Болашақта да мен...
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
|
|
|
Бағалу
Үй тапсырмасы
Мәтіннен өздеріңе ерекше ұнаған ой-тұжырымдарды жазып алыңдар,оны жаттаңдар.
Достық тақырыбына мақал-мәтел жазыңдар
№267 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Абайдың отыз сегізінші қарасөзі
Сыныбы: 7«Б»
Өткізген: Арихова Л.Ж.
Қызылорда қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |