Қабатты сұйықпен жару үшін бірінші ретте өнімділігі төмен жыныстардың табиғи аз өткізгіштілігінен болатын скважиналарды немесе түп маңы аймағының сүзгіштігі қабатты ашқанда нашарлаған скважиналарды таңдайды. Сондай-ақ қабат қысымы скважинаға мұнай ағынын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Жаруға дейін скважинадағы ағынды зерттейді және оның жұту қабілеті мен жұту қысымын анықтайды. Жаруға дейінгі және кейінгі ағынды зерттеулер нәтижелерімен скважинаның жұту қабілеті туралы мәліметтер жүргізілген іс нәтижелерін талдауға мүмкіндік береді, жару қысыман шамамен бағалауға, жару жасау үшін қолданылатын сұйықтың қолайлы қасиеттері мен мөлшерін дұрыс таңдауға, жарудан кейін түп маңы аймағы жыныстарының өткізгіштігінің өзгеруін талдауға көмектеседі. Скважинаны жұмысты бастау алдында құрғату арқылы тазалайды және жуады.