Апта
|
Күні 23.04.2015
|
Әдебиет 5 сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушылар тақырып арқылы түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдылананады, елінің тарихын, өткенін сыйлау машықтары дамыйды Табиғат перзенті жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарасты ұғындыру.
|
Күтілетін нәтижелер
|
«Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын баяндап, композициясына және көркемдік ерекшелігін талдап, салыстырады;
Өткен білімдері пысықтап, қорытынды жасай алады;
Адами сезімді қастерлеуге, тиянақты тұжырым жасауға үйренеді;
|
Сабақ түрі
|
Білімді жүйелеу
|
Тапсырмалар
|
«Крестиктер мен нөлдіктер» әдісі, әңгіме кейіпкерлерін салыстырады, әдеби теориялық талдау жасайды, рөлге бөліп оқиды, жуан-жіңішке сұрақтар дайындау, Радиоға қоңырау шалу.
|
Керекті жабдықтар
|
Оқулық, интерактивті тақта, маркер, флипчарт, стикер, бағалау, рефлексия жәшігі.
|
7 модульдің қолданылуы
|
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
5 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу
психологиялық тренинг
-Әрбір адам
-Туысым, досым, жұрағат
-Әрбір сабақ
-Үйрену, ұғу, ұлағат.
-Әрбір ісім
-Тірлік,тірек, адамдық.
-Әрбір сөзім
-шындық, бірлік, адалдық.
Топқа бөлу. Түрлі түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
|
Мұғаліммен амандасады. Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды.
Психологиялық тренингке қатысады.
Топтық ержені еске түсіреді. Түрлі стикерлер арқылы 3 топқа бөлінеді.
|
Тұсаукесер
5 минут
|
Мәтінді талдау.
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау.
1-тапсырма «Крестиктер мен нөлдіктер әдісі» арқылы сұралады.
Әңгімедегі Қырғыз-қызық достығының үлгісін көрсете тін кімдер? (Ералы, Жұмақан, Төреқұл, Ағыбай)
Әңгімедегі тағы басқа кейіпкерлерді атаңдар?
Ералы мен Жұмақанды жақындастырып жіберген қандай оқиға? (ашаршылық)
Әңгімеде айтылатын ашаршылық қазақ елінің басынан қай жылдары өткен?
Ағыбайлардың Төреқұл ауылына аса салтанатпен бару себебі не?
«Қозыкүрең» оқиғасын әңгімелеп отырған кімдер?
«Қозыкүрең» оқиғасы қай жылдары болған?
Саяқбай Қозыкүреңнің қашуға дайындалып жүргенін қандай әрекеттерінен байқады?
Қанша уақыттан кейін Қозыкүрең туған жеріне оралды? ( 1 айдан кейін)
Жатып қалған Қозыкүреңді тұрғызу үшін Саяқбай қандай емдік шаралар қолданды?
Саяқбайдың жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?
Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын...» (Төреқұл)
Мынауың баға жетпес сый болды –ау, Төреқұл! (Ағыбай)
Жігіттер, мен бірдеңе білсем, сендер осы қозыкүреңнен айырыласыңдар,-деді. (Саяқбай)
Пәлі, мына қазақтарды қарай гөр! (Төреқұл)
|
Өткен тақырыптар бойына сұрақтарға жауап береді, топпен өз білімдерін көрсетеді
3 топқада бірдей сұрақтар қойылады. Топпен бірлесе отырып жауап береді. Сұрақтың жауабын дұрыс тапқан оқушы тақтадағы плакаттағы сандарды крестик белгісімен белгілеп отырады.
|
Негізгі бөлім
15 минут
|
2-тапсырма.
1 топ. Тұжырымдамалық карта. Қозыкүрең әңгімесінің мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу.
2 топ. Жүзім шоғыры. Әңгіменің құрылысына талдау жасау.
3 топ. Венн диаграмма. Құлагер мен Қозыкүреңді салыстыру.
3-тапсырма. Жуан-жіңішке сұрақтар дайындауға беріледі.
|
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау
Топтар бір-бірін басбармақ, бағдаршам. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағалайды.
1.Оқиғаның басталуы –
2.Оқиғаның байланысы.
3. Оқиғаның дамуы.
4. Оқиғаның шиеленісуі
5. Оқиғаның шарықтау шегі.
6. Оқиға шешімі.
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.
|
Қорытынды
10 минут
|
Сабақты аяқтау: Ойын.
Радиоға қоңырау шалу.
|
3 оқушы еркімен тақтаға шығады. Тақта алдындағы оқушыларға қоңырау шалу арқылы сұрақтар қойылады.
|
Бағалау
5 минут
|
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату
|
Бағалау парағында көрсетілген тапсырмаларды орындау арқылы жұптық бағалау жүргізеді.
|
Рефлексия
3 минут
|
Бүгінгі сабақ мен үшін......
Рефлексия жәшігі
|
Стикерлерге жазып рефлексия жәшігіне салады.
|
Үйге тапсырма
2 минут
|
«Жылқы - ер қанаты» (эссе).
|
Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
|
Сабақтың өзіндік талдауы
|
Алдымен оқушылардың көңіл-күйін көтеру үшін тренинг жүргізілді. Үй тапсырмасын сұрау барысында оқушылармен диалог жүргізілді. Мәтінді талдау үшін «Крестиктер мен нөлдіктер» әдісі арқылы сұрақтар берілді. Оқушылар сұрақтарға таласа тармаса жауап берді. Сұрақтарға оқушылардың жауабы дұрыс болды. Негізгі бөлімде 1 топ. «Тұжырымдамалық карта» мәтінді оқушылар жоспарлы түрде әңгімеледі, 2 топ. «Жүзім шоғыры» оқушылар әңгімені құрылысына қарай талдады, 3 топ. «Венн диаграмма» онда оқушылар Қозыкүрең мен Құлагерді салыстырды. Тапсырмаларды оқушылар қызыға орындады. Топта бір-бірінің пікірін тыңдау жақсы қалыптасқаны байқалып отырды. Постермен жұмысты оқушылар тақтаға шығып қорғады. Топтар бірін-бірі «екі жұлдыз, бір ұсыныс», «бас бармақ», «бағдаршам» арқылы бағалады. Постермен жұмыс өте сәтті шықты. Жоғары дәрежелі, төмен дәрежелі сұрақтарды қоюда Диас, Мөлдір, Іңкәрсезім есімді оқушыларымның белсенділігі байқалды. Қорытындылауда «Радиоға қоңырау шалу» ойыны ойналды. Алихан, Диас, Біржан оқушыларым қатысты. (ипподром басшысы- Біржан, Атбегі -Алихан, Көкпар ойынына қатысушы -Диас) Оқушылар сыни ойлай алды, сұрақтарға өз ойларын еркін жеткізіп, қызықты жауаптар бере алды. Бүгінгі сабақтан алған бағаларын стикерге жазып, рефлексия жәшігіне салды. Жұптық бағалау жүргізілді. Үйге тапсырма «Жылқы – ер қанаты» тақырыбында эссе жазуға берілді. Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазып алды. Сабақ сәтті өтті, мақсатына жетті.
|
Достарыңызбен бөлісу: |