Сабақтың тақырыбы: Абдулхамит Мархабаев «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі. Мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі22,85 Kb.
#53966
түріСабақ

Сыныбы : 6

Мұғалімі:Исакова Айгуль Сагимбаевна

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Абдулхамит Мархабаев «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі.



Мақсаты:

А.Мархабаевтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру. Фантастика жайлы түсініктерін толықтыру. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесінің мазмұнын оқып,түсіну. Қазақтың ұлттық сусыны қымыздың емдік қасиеті туралы айту.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтық және жеке жұмыс жасау, сұрақ –жауап, «Балық сүйегі», «Ассоциация» «Салыстыру» , «Пікірталас» әдісі шығармашылық жұмыс, кері байланыс.

Оқу нәтижесі:

А.Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесінің мазмұнын түсінеді;
Оқушылар берілген әңгіме арқылы қай заманда, қай ғаламда болмасын қымыздың емдік қасиетін біледі;
Автордың кейіпкерлер арқылы білдірген ойын анықтайды және соған байланысты қорытынды жасайды ;

Өз ойын еркін жеткізе біледі;


Салыстырып , қорытынды жасай білуге үйренеді;

Қолданылатын ресурстар

Интерактивті тақта, слайдтар,тірек сызбалар,суреттер,маркерлер,стикерлер.



Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

(2мин)



Сәлемдесу,оқушы назарын сабаққа аудару. Сыныпты «Жұлдызшалар » арқылы 3 топқа бөлемін.

1топ: «Ғарышкерлер»

2топ: «Дәрігерлер»

3топ: «Бөгде ғаламшарлықтар»



Шаттық шеңберін құрып, оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Алтын ережені сақтап,мұғалім оқушыларды топқа бөледі.Мұғалім топ мүшелеріне бағалау парағын таратып береді..

Оқушылар топқа бөлінеді.Бағалау парағы арқылы топ мүшелері бірін-бірі бағалап отырады.

Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту ( 2мин)



Бейнебаян көрсету. «Планета», «Қымыз» туралы.

Бейнебаянда не көрсетілді?

Бейнебаян бойынша сабақ тақырыбын ашу

Білу

3 мин


-Фантастика дегеніміз не?

-Сендер фантастикалық кино көресіңдер ме?

-Қандай фантастикалық жанрда әдеби кітаптар оқисындар?

-Робот деген не?

-Жерден басқа күн жүйесінде неше планета бар?

-Ол планеталарда адамдар тұрады ма?



М ұғалім сұрақ қояды

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Түсіну

15 мин


Постермен жұмыс

1топ: «Ғарышкерлер» Абдулхамит Мархабаев өмірбаяны мен шығармащылық жолы

2топ: «Дәрігерлер»

«Ғарыштағы қымыз» әңгімесінің мазмұнын оқып, түсіну.



3топ: «Бөгде ғаламшарлықтар»

«Ғарыштағы қымыз» әңгімесінің мазмұнын оқып, түсіну.



Абдулхамит Мархабаев өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы топ мүшелерінің қорғаған постерлерін бақылау.

Абдулхамит Мархабаев өмірбаяны туралы оқып,түсінеді.

Әңгіме мазмұнымен танысады.Оқушы мазмұнды оқып, түсінгені бойынша постер қорғайды.



Қолдану

(10мин)


«Пікірталас»_әдісі'>1топ: «Ғарышкерлер»

«Балық сүйегі» әдісі бойынша әңгімені жанр,түрі ,тақырыбы, идеясы бойынша анықтау.





I.Жанры




II. Түрі




III. Тақырыбы




IV. Идеясы.




2топ: «Дәрігерлер»

«Сөздер банкасы» әдісі арқылы әңгімені жанр,түрі ,тақырыбы, идеясы бойынша анықтау.

сөздікпен жұмыс.

3топ: «Бөгде ғаламшарлықтар»

«Ассоциация» әдісі арқылы қымыздың емдік қасиеті мен пайдасын топтастыру


Мұғалім кестені таратып береді.
Мұғалім әңгіме ішіндегі сөздер тізбегі сонымен бірге бірнеше сөздер жазылған ақ парақты таратады.

Мұғалім қымыздың емдік қасиетін топтастырып жазуға тапсырма береді..



Оқушылар әңгіме мазмұнындағы жанр,түрі, тақырыбы, идеясы бойынша балық толтырады.
Оқушылар таратылып берілген ақ параққа «Сөздер банкасы» әдісі бойынша сөздер жазады.

Оқушылар қымыздың емдік қасиетін топтастырып жазады




Талдау (6-7 мин)

1топ: «Ғарышкерлер»

«Пікірталас» әдісі «Егер кенеттен күн жоқ болса, не болады?»

2топ: «Дәрігерлер»

«Басқа ғаламшар адамдарымен бетпе-бет кездессек не істер едік?»



3топ: «Бөгде ғаламшарлықтар»

«Жерден аспан әлеміне барып, тіршілік етсек қалай болады?»



«Пікірталас» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын айта отырып, сұраққа жауап береді.


«Пікірталас» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын айтады


Бағалау 3-4мин

Өзін-өзін бағалау парағы. Аты –жөні

Тапсырма

Өзін –өзі бағалауы

Мұғалімнің бағалауы

1. Білу. Сұрақ-жауап






2.Түсіну. Постер қорғау







3. Қолдану. «Балық сүйегі»әдісі

«Сөздер банкасы» әдісі



« Ассоциация» әдісі







4.Пікірталас







30-35 ұпай – «5»деген баға, 20-25 ұпай –«4» деген баға, 15-10 ұпай –«3» деген баға

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма: 1 мин

  1. «Ғарыштағы қымыз»әңгімесін оқу. 2.Фантастикалық әңгіме » жазу.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет