Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы Сабақтың мақсаты: Білімділік


Абылайдың қазақ халқының тарихындағы орыны



бет7/8
Дата05.02.2022
өлшемі243,93 Kb.
#16907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Абылайдың қазақ халқының тарихындағы орыны

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға жұмсады.




Қазақтардың басын қосып біріктірді.






Жоңғар мен Еділ Қалмақтарын жеңуде маңызды рөл атқарды.


Қытай әскерінің Қазақстан аумағына жылжуын тоқтатты.

Қазақтардың Тарбағатай Іле өзені өңіріндегі мал жайылымдарын қайтарып алды.


Қырғыздардың қазақтарға шабуыл жасауын тоқтатты.


Қазақтардың өзарасында көрші халықтардың өзарасында да зор беделге ие болды.


Қазақтардың ұранына айналды.




АБЫЛАЙ ХАН


Қорытынды. Абылайдың үш жүздің келешегін ойлайтын , соңынан ер азаматы түгел еретін, дұшпанының мысын басатын, көрші елдермен татуласып, тіл табысатын, өзі шешен, сардар, данышпан көсем болуын уақыттың өзі талап етті. Абылайдың ел билігіне келуіне заман талабы, уақыт қажеттігін туды. Оның бала кезінен ел мұңын, арман-тілегін жан – жүрегімен ұғынып, қалайда жұрттың басын біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан қазақ жерін азат етуді армандағанын сезінеміз. Жаугершілік заманда халқының қорқынышты өмір сүргенін көріп, оны бұл халден құтқаруға бел байлауы Абылайға заманының қандай міндет жүктегенін айғақтайды. Мысалы, Абылайға дейін болсын, Абылайдың тұсында болсын қазақ халқының арман еткені біріншіден, - өз алдына ерікті ел болып , өзін-өзі басқару; екіншіден, - ата қонысына жайғасып бейбіт еңбек етіп шаруашылығын дамыту; үшіншіден , - бір ауызды ынтымақта болып Отанын , елдігін қорғау еді. Абылай өзінің ақылдылығының арқасында халықтың осы арман тілегін жақсы ұқты. Аштықтан қазақ көп қырылған “Ақтабан - шұбырынды ” азабынан елді құтқарған Абылай екені де ақиқат.
Ш. Уәлихановтың мына бір тұжырымы жоғарыдағы айтқан пікірімізді бекіте түседі: “Әсіресе, 1723 жыл сұмдық сипатымен қазақтардың есінде өшпестей болып қалды. Қайда барса да қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол – жөнекей дүние-мүлкін, бала – шағасын, кемпір-шалын , арық-тұрақ малын , үй-мүліктерін шашып, түстікке барып , қойып кетті... Міне,осындай екіұдай, үрейлі , қанды, қасапты кезеңде ел назары Абылай сұлтанға ауады. Өйткені , ол жорықтардың бәріне алғаш қатардағы жауынгер болып қатысады, соның өзінде қисапсыз ерлік көрсетіп, айрықша амал-айласымен көзге түскен еді. Өнегелі ақыл-кеңесі , сұңғыла зердесі арқасында да ол бірден-ақ көреген , кемеңгер атқа ие болды. Абылайды заманы шыңдаған, тағдырдың түрлі сынағынан өткен жеке басының ересен ерлігімен , қолбасшылық ерекше қабілеттілігімен , алғырлығымен, көрегендігімен, парасаттылығымен ерте бастан ел назарына іліккен ұлы тұлға деп даралайды.”




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет