Ибашова Улзагира Сабитовна,
Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы
|
Абылай тұсындағы Қазақ хандығы
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Сабақтың мақсаты
|
Білу: Абылайға дейін Қазақ хандығының жағдайы мен Абылай хан тұсындағы хандықтың сыртқы саясаты жайлы білу
Түсіну:Абылай ханның қытай, орыс мемлекеті мен қарым – қатынас жайлы түсіну
Қолдану: Сыни тұрғыдан ойлана отырып, топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Білу: Абылайға дейін Қазақ хандығының жағдайы мен Абылай хан тұсындағы хандықтың сыртқы саясаты жайлы біледі. Түсіну: Абылайдың Қытай және орыс мемлекетімен қарым – қатынас жайлы түсінеді.
Қолдану: Сыни тұрғыдан ойлана отырып, топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.
|
Негізгі идеялар
|
Абылайдың мұраты келешекті кемелдікпен болжап, мемлекетті бір орталықтан басқарып, елді өркениетке жақындату еді. Қайтыс болардан ондаған жылдар бұрын – ақ ол бұл арманын орындауға құлшына кіріскен. Тарихи деректерге сүйенсек, халыққа егіншілік пен балық аулау кәсібін үйретуге, тары сепкізуге қарақалпақ диқандарын әкелуі, орыс ағаш шеберлерін алғызып, 1779 жылы Есіл өзеніне тақау Жаңғызтауда ағаш үй, Қызылжарда хан сарайын, Таласта қала салғызуы т.б. игілікті істері – елді отырықшылыққа, өркениетке жұмылдыруының жарқын үлгілері.
|
Тапсырмалар
|
Жеке жұмыс– «Ойлан тап»
Топтық жұмыс- презентация, кластер
құру, білімнің шыңына
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
2. топқа бөлу ( түстер бойынша 3 топқа орналастыру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)
1.«Ойлан тап!» Қағаздың қимасын құрастырып, тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың жауаптары басбармақпен бағаланады.
1-Топқа
Абылай ханның ел басқарудағы жақсы қасиеттері қандай жетістіктерге жеткізді?
Жоңғар жасаған мемлекетімен тыныстары қандай жағдайда болды?
2-Топқа
Қытай және Орыс империясымен жасаған қарым –қатынастары туралы айтып беріңдер?
Осы мемлекеттермен саяси қатынасты нығайтуда қандай айла амал қолданды?
3-Топқа
Абылай хан Жоңғарияға хан болуды аңсаған әмірсананы не үшін қазақ жеріне паналатты және не мақсатты көздеді?
Абылай хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі неден көрінеді?
ІІІ. Жаңа сабақ (20 минут)
Мұғалім түсінігі. Абылайдың мұраты келешекті кемелдікпен болжап, мемлекетті бір орталықтан басқарып, елді өркениетке жақындату еді. Қайтыс болардан ондаған жылдар бұрын – ақ ол бұл арманын орындауға құлшына кіріскен. Тарихи деректерге сүйенсек, халыққа егіншілік пен балық аулау кәсібін үйретуге, тары сепкізуге қарақалпақ диқандарын әкелуі, орыс ағаш шеберлерін алғызып, 1779 жылы Есіл өзеніне тақау Жаңғызтауда ағаш үй, Қызылжарда хан сарайын, Таласта қала салғызуы т.б. игілікті істері – елді отырықшылыққа, өркениетке жұмылдыруының жарқын үлгілері.
3.1. «Ой қозғау»
Мына суретте кім?
Қай жылдары ел билеген?
Қандай елдермен қарым- қатынас орнатты?
3.2.Сабақтың жоспары
1.Абылайға дейінгі Қазақ хандығының жағдайы.
2.Абылай хан тұсындағы хандықтың сыртқы саясаты
3. Сабақтан алған әсерім
4.Орыс және Қытай мемлекетімен қарым қатынас
3.3.Топтық жұмыс.
Топтаға мәтін бөлініп беріледі.
Әр топтан бір оқушы шығып презентация қорғайды
Топтар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп кластер құрады
Топтар бірін –бірі екі жұлдыз бір ұсыныспен бағалайды
ІV. Бекіту тапсырмалары (10 минут)
4.1. Әр топқа жекелей тапсырма беріледі.
1-топқа тапсырма:
Оқушыларға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Біз бірде бір елдің жерін жаулап алып, даламызға қосып алған емеспіз» деген сөзін негізге алып, Абылай ханның ел басқарудағы ақылды саясаткер деген тақырыпқа шағын әңгіме жазу тапсырылады.
2-топқа тапсырма: Хронологиялық кестемен жұмыс
1771-1781 жж- Абылай хан билік етті
1757-1760жж- қазақ елінің дербестігін сақтау үшін Қытайды билігін мойындады.
1770ж-Қырғыздарға қарсы соққы берді..
1771ж.- Абылайды әйгілі Түркістанда ақ киізге отырғызып хан сайлады
1778 жылы 24 мамырда ІІ Екатерина абылайды орта жүздің ханы етіп бекітті..
1781жылы-Түркістан қаласында ахмет Иасауи кесенесінде жерленді.
3-топқа тапсырма: Мынандай мәселелерді зерттеп , жауап дайындау тапсырылады.
А) Ресей үкіметінің қазақ даласымен тығыз байланыс жасауға ұмтылу себептер?
Ә) Абылай ханның Орыс мемлекетімен жақсы қарым –қатынас орнатуға ұмтылу себептері?
4.2. Қортынды. Рефлексия «Сабақтан алған әсерім» (2 мин)
Не білдім?
Не үйрендім?
Не қиын болды?
V. Үйге тапсырма (3 мин)
& 40 абылай хан (1711 -1781жж.)
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындап келу
Абылай хан тақырыбында қосымша мәліметтер оқу
Достарыңызбен бөлісу: |