Өсімдік шаруашылығы. Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктеріне дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім,малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі . Жалпы жыртылатын жердің 56%- ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша , 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.
Дәнді дақылдардан бидай, қарабидай,арпа, сұлы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш өсіріледі.Астық өндіруден Ресей дүниежүзінде Қытай, АҚШ және Үндістаннан кейінгі 4-орында, әсіресе қарабидай,арпа, сұлы және қарақұмық жинаудан озық көрсеткіштерге ие. Негізгі өсірілетін дақыл – бидай (жалпы өнімнің 50%), климат қаталдығына байланысты жаздық бидай басым егіледі. Күздік бидай алқаптары неғұрлым оңтүстікке қарай ығысқан. Аса ірі астықты аудандар қатарына Волга бойы, Орал, Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ және Сібірдің оңтүстік бөліктері жатады.
Аумағы мен өнім көрсеткіші жөнінен 2-орында арпа тұр, ол жалпы өнімнің 20% -ын құрайды. Арпа сыыртқы орта өзгерістері мен топырақ құнарлылығына барынша төзңмдң өсімдік болғандықтан, кең таралған дақыл бол ып саналады. Арпа негізінен, малазықтық дақыл ретінде өсіріледі, сондай-ақ жарма жасауда, сыра қайнатуда кеңінен пайдалагылады. Егіс алқаптары Волга бойы, Орталық қара топрақты аудан мен Солтүстік Кавказ жерінде кең тараған.
Өнім көрсеткіші жөнінен 3- орында қарабидай (жалпы өнімнің 9%-ы), алады. Суыққа төзімді, тіпті қышқыл топырақта да өсе беретін болғандықтан, қарабидай алқаптарын орман зонасы таралған аймақтардан да кезсдестіруге болады.
Төртінші орындағы сұлы (жалпы өнімнің 9%-ы) да соншалықты күй талмайтын болғандықтан орман зоналарына дейін таралған, алайда сұлы ылғалды сүйгіш өсімдік. Малазықтық мәні зор, сонымен қатар тағамдық сұранысқа да ие. Одан сұлы үлпектері мен жармасы дайындалады.
Қарақұмық, тары және күріш алқаптары аумағы жағынан шағындау болып келеді. Қарақұмық негізінен, Орталық қара топырақты аудан мен Волга- Вятка, Орталық ауданның оңтүстік бөліктерінде, тары құрғақшылыққа төзімді болғандықтан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойының құрғақ аудандарында, ал күріш Кубань,Волга,Дон өзендерінің атырауларындағы суармалы алқаптарда ғана өсіріледі.
Сонымен қатар Ресей жерінде малазықтық және тағамдық мәні зор бұршақ тұқымдастардан кәдімгі бұршақ, үрмебұршақ, жасмық және қытайбұршақ өсіріледі.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |