Сабақтың тақырыбы Адам мен отбасы



Дата11.01.2017
өлшемі57,45 Kb.
#6942

Сабақтың тақырыбы

Адам мен отбасы


Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.

Тыныштық сәті

Тыныштықта отыру.

Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісіңдер. Ал, кәне, жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, тек қана жақсылық тілейік.


-Ал, енді, көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.


Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


2 мин

Топқа бөлу

Төрт түрлі түсті стикерлер үлестіріледі


Оқушыларды таңдаған түстеріне сай топтарға бөлу.

2 мин

Мағынаны тану

Жанұя, отбасы - мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі - отбасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, құрметті балалар, өз жанұяларыңды құрметтеуге, сыйлауға, мақтан тұтуға шақырамын.
Алдымен сүй ардақты ата - анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Ата - анаңның мейірімінен тарайды

Адам мен отбасы тақырыбында «Барыңды бағаламасаң...» видеосюжетті көрсету

6 мин

Шығармашылық жұмыс

1 топ: «Әке – асқар тау» тақырыбында сурет салып, 6 жолды өлең шығару

2 топ: « Ана – аққан бұлақ» тақырыбында сурет салып, 7 жолды өлең шығару

3 топ: Ата-ананы қадірлеуге байланысты халықтың дәстүр қағидаларын жазу

4 топ: Бала тәрбиесіндегі 7 қателік туралы жазу




Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау
Жасаған жұмыстарын

қорғау


10 мин

5 мин



Қызығушылықты ояту

Ән айту.



Әбдіжаппар Әлқожаның «Әке-ана» деп аталатын әнін бірге қосылып орындау

5 мин

Ой толғаныс

 ХІ ғасырда жазылған «Қабуснама» деп аталатын ғажайып педагогикалық кітап бар. Оны Қайқаус деген ғалым 63 жасында өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазған екен.
- «Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеудің қажет екендігін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-ананы құрмет жасаймын деп, ойыңа алма. Олар сен ...
(Әңгімені осы жерден үзіп, балаларға әрі қарай өз ойларымен жалғастыруын өтінемін)
Балалардың ойын тыңдаймын. (Балалардың ойын тыңдағаннан кейін өсиет сөзді әрі қарай оқимын).
Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі. Сені жан-ділімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаң көңілін қалдыратын құрттай да іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен, ...

(Әңгімені тағы да үзіп, балаларға әрі қарай өз ойларымен жалғастыруын өтінемін. Балалардың ойын тыңдап, өсиет сөзді әрі қарай оқимын. )
Егер сен, өз перзентім құрмет қылсын десең, ата – анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент – жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де, дәмі де жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны».

Ата-ананың қадірін, дос-жолдас, тума туыс, жақын адамдарының қадірін білу, дер кезінде бағалау қажет екендігін еш уақытта ойларыңнан шығармаңдар. Дүние кезек. Сендер де өмір бойы жас болып тұрмайсыңдар. Сендер ата-аналарыңды сыйласаңдар, сендердің балаларың да қартайғанда өздеріңді бағатын болады.
«Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды», « Ата-анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің». Осы сөздер естеріңде болсын, балалар.

Өсиет сөздерді оқып, талдау



7 мин

Қорытынды

Үлкенді сыйлау қазақ халқының ата - салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен - әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасы, өз ата - анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды сыйлай алмайды. Ата – ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді. Оны бағып – қағып тәрбиелеп өсіреді. Білім береді, «Болашағым, өмірімнің жалғасы» деп үміт күтеді, мәпелейді. Адамзат болып, үй ішінің қамқоры болады деп сенім артады. Ата - ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. «Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды» деп айтылмаған. «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген де осыдан шыққан. Ата - ананың ісінен көпті үйреніп қоймай, солардың тәрбиесінде бойға сіңіре білу - әр баланың парызы.

«Қарттар үйі» жайында видеосюжет көрсету

5 мин


Топпен ән айту

Мейрамбек Бесбаевтің «Жан Ана» әнін бірге қосылып айту ( сынып оқушыларының отбасымен бірге түскен фотолары бар слайдтарын көрсету)

3 мин



ӘБ ОТЫРЫСЫНДА КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН: ҚАРАЛДЫ: СОГЛАСОВАНО: УТВЕРЖДАЮ: РАССМОТРЕНО Директордың оқу ісі Мектеп директоры НА ЗАСЕДАНИИ МО: жөніндегі орынбасары Директор школы Хаттама № _____ Зам. директора по учебной работе Қ.С. Шакенов Протокол №_____ Жакенова Г. И. ӘБ жетекшісі __________________________ ____________________ Руководитель МО: «_____» __________________ «_____» ____________ Г.К. Карменова _________________________ «_____» __________________

«Адам мен отбасы»

тақырыбында ашық сабақ

9ә сынып

Пән мұғалімі: Нысанбаева А.К



2015-2016 оқу жылы
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет