Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
1-тапсырма.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
1. Суретті дәптерге салып, сілтемелер бойынша гүлдің бөліктерінің атауын жазады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.