Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзіменынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№1-тапсырма Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
1. Үрмебұршақ дәнінің суретін қарайды. 1-5 сандарымен қандай бөлімдері көрсетілген?
2.Тұқымның өнуі үшін қажет шарттарды көрсетіп, дәптерге сұлбаны сызып толтырады.