Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
1. Организмдегі хромосомалар жиынтығын салыстырады.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Кестемен жұмыс жасайды
-Дәптерге сызып алады
|
7-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
|
|
№2-тапсырма
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Сөйлемді дәптерге толықтырып жазады.
А. Жасушаның маңызды құрамдас бөлігі ... .
Ә. Ядроның жіп тәрізді құрылымы ... .
Б. Әрбір организімде ... саны тұрақты.
2. Суретте не көрсетілген?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым және жазылым дағдысы қалыптасады
|