Сабақтың тақырыбы: «Адамгершілік асыл қасиет»



Дата11.01.2017
өлшемі209,76 Kb.
#7024
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Адамгершілік асыл қасиет»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.өз бойындағы жақсы қасиеттерді күн шуағындай дамыту.

Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақтаға ілінген суреттер, жарға ілінген нақыл сөздер, үн таспалар,бейне материалдар,слайд.

Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет,ән,әдептану.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезең. Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа сырттай және іштей (психологиялық) дайындығын қадағалап, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. «5-Т» қайталау. Тізім бойынша түгендеу.

2. Тыныштық сәті (4-минут) Нұрға бөлену.

Баяу ән қосылып тұрады. Балалар денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезініңдер.Рахмет! (қысқ-н).

3. Үй тапсырмасын тексеру. (3-минут)

«Екі сөйлеу ерге сын» шағын әңгіме құрастыру. Төмендегі,уәде, ант, серт, ар - намыс, шындық, азаматтық, қымбат, өмір, жеңіл, ой, пейіл, ниет, ақиқат, өтірік, ұят, абырой, артық сөз, мақтаншақтық тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру.

Мұғалім:
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен - кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят.
Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін - дейді Ар.
Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, - дейді.
Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді - бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс - ағасы, ар - інісі, ұят - кіші інісі болып, бірге өмір сүріпті.

4.Топ оқушыларын топқа бөлу.

  1. Ар-ұят

  2. Намыс

  3. Әдеп

(Әр тапсырманы орындағанда алдырындағы ағаштан жемісті алып отырады).
5. Дәйексөз.( 3-минут)

Еңкейгенге еңкей,

Атаңның қара құлы емес.

Шалқайғанға шалқай шалқай,



Пайғамбардың ұлы емес. (Нақыл сөздер)
6. Аңыз әңгіме (3-минут)

Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студенттеріне қарап, «бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет» деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да,: «ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0-тәжірибеңіз.Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады» деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік..тәртіптілік...сүйіспеншілік.. Қосылып тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байтатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Профессор былай дейді студенттеріне: «Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды».
 (Әр кім өз пікірін айтады)
7. Сергіту сәті. Оқушылармен бірге үнтаспаға қосылып Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» өлеңін орындайды.(3-минут)
Шығармашылық жұмыс. (22 минут)

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтадағы Күннің суретіне қараңдаршы.
Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Әр бұлттың астында біздің бүгінгі тақырыбымызға байланысты сұрақтар, тапсырмалар жасырулы тұр. Соларды шешіп, күннің бетін ашып көрелік.

Кәне, бірінші бұлт.

Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында әр адам тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға кішкене уақыт беріледі. (Жағымды ән ойналып тұрады)

Әр оқушы өзінің анасына, досына, бауырына арналған жақсы тілектерін немесе соларға қатысты жағымды ойларын айту.
Екінші бұлтты сейілтеміз.

Тапсырма: Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, адамгершілік туралы ұлы кісілердің, ақындардың айтқан сөздері, мақал-мәтелдер, шешендік, даналық сөздер айту.

Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді студенттерге оқытып, талқылау. 1,2,3 топ мақал-мәтел айтады.

Үшінші бұлтты сейілтсек.

Рухани - адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Біз барлығымыз да ата – анамызды, Отанымызды, достарымызды сүйеміз. Осы қасиетке байланысты үшінші бұлттың тапсырмасы:



    1. 1-топ Отанға сүйіспеншілік;

    2. 2-топ Ата-анаға сүйіспеншілік;

    3. 3 топ Достық қарым-қатынас.

Осы тақырыптарда төрт жол өлең өздерің ойдан шығаруларыңа немесе ұлы ақындардың өлеңдерінен үзінді айтуға, сонымен қатар ұлы адамдардың сөздерін де айтуымызға болады.  

Мұғалім: Олай болса,

Не жұмсақ? Ананың аялы алақаны,
Кім жақын? Тату болса ағайын жақын,
Бауырмал болса, інің жақын
Не қымбат? Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт – береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат деп қосқым келіп тұр.
Төртінші бұлтты сейілтеміз. Ол тапсырма – сұрақтарға жауап.

  1. Ар-намыс дегеніміз не? – ар-намыс жауап береді.

  2. Жомарттық дегеніміз не? - жомарт студент жауап береді

  3. Кішіпейілділік дегеніміз не?- кішіпейіл студент жауап береді.


Бесінші бұлтты сейілтеміз.    Ойлап тап «Мақалды аяқта»


    1. Мейірімділікті _______ үйрен

    2. ___________  — кісінің  көркі

    3. Жақсы сөз- _________  семіртер

    4. Ұлық болсаң — _______ бол

    5. _________ жан жадыратар. (жан, сұлулық,  анадан,  кішік,  жақсылық).

Алтыншы бұлтты сейілтеміз. Бейне таспаны көріп өз ойларыңызды айтып беріңіздер.

Мұғалім:


1. Осы көрініс арқылы жан-дүниемізде қандай өзгерістерді сезіндік?

2. Бұл оқиғадан не үйрендіңіздер?

   Мінеки, балалар, рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді.

Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық ұялатқандықтан күніміз жарқырап шыға келді.

     Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы   шуағымен аялап, ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір    сүрері анық. Бір - бірімізді қадірлей білуіміз керек. 



Мұғалім:


Күн ашылды.

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жүректен жүрекке. Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлаймын.

«Екі бетті күнделік толтыру» алған әсеріммен, пікірім. Студенттер тапсырма орындайды.

Мұғалім: Қымбатты, оқушылар, осы сабағымызда барлықтарымыз жақсы бір сезім әсерінде болдық деген сенімдемін.

Осы сабағымыздан сіздің бойларыңызға бір әсем шуақ - адамгершілік шуағы молая түсті. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Қазірден бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болуға талпыныңдар. (Топтар бір-екі ауыз жақсы тілек айтады).

Соңында өзіме айналып келген соң тақтаның ең биік жеріне от алауының суретін жапсырып, сөзді қорытындылаймын.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.


Соңғы тыныштық сәті:

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.Барлық айттылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.Енді көздеріңді аша ғойындар. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін. Сау болыңыздар!

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 10-сынып авторы С.А. Сейтақов.,Ұ.М. Әбдіғаппарова

  2. «Коллективтің құдіретті күші» В. Сухомлинский.

  3. «Өзін-өзі тану журналы» ғылыми әдістемелік журналы

  4. «Жантану мәселелері» республикалық-ғылыми әдістемелік журналы

  5. Өмір әдебі: әдеби эссе,толғаныстар. С.Алпысқызы

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет