Сабақтың тақырыбы «Адамгершілік рухани тәрбиенің негізі»


/уақыт Педагогтің әрекеті



бет2/3
Дата10.10.2024
өлшемі19,91 Kb.
#206095
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Адамгершілік рухани тәрбиенің негізі қмж

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әркеті

Ресурстар






Мұғалім: Бүгінгі «Адамгершілік рухани тәрбиенің негізі »
атты тәрбие сағатымыз сіздерге терең ой салатын өзіндік салмағы бар тақырып деп ойлаймын. Барлығыңызды тақырып бойынша ашық әңгімеге шақырамын. (Алдын - ала дайындалған сұрақ белгісі түрінде қиылған фигураларға жазылған сұрақтарды бір - бірден тақтаға жапсыра отырып, сұрақ - жауап әдісімен оқушыларды сөйлету).
- Адамгершілік дегенімізді қалай түсінесіңдер?
- Адамның адамгершілік қасиеті қай кездерде көрініс береді?
- Ол қасиет бізге керек пе?
- Әдепті адам қандай болады?
- Әдепсіз адам қандай адам?
- Адалдық дегеніміз не?
- Әдет дегеніміз не?


Сергіту сәті “Жылы шеңбер” ойыны
Балалар бір – бірінің қолынын ұстап, шеңбер құрап көршісіне “Мен сенімен бір сыныпта оқығаныма қуаныштымын себебі …” (сен адал доссың), (сен қайырымдысың) – деп әрі қарай жалғастырып, жақсы сөздерді арнайды. – Балалар міне осындай жақсы қасиеттерді бір сөзбен қандай қасиеттер деп атаймыз? – Адамгершілік қасиеттер «Ақыл әліпесі»
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?». 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Қорытынды.
Сонымен, балалар әдептілік үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық!
Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, - бүгінгі тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп сыйлау керек.
- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



Адамгершілік деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін «Рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?»- сұрақтары төңірегінде ой өрбітемін. Рух – адам бойындағы бір қуат. Ол қуат - адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттер мен жасайтын барлық игі істердің қайнар көзі. Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады: ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан, оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың - «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады. Осындай қасиеттерді бар адамға адамгершілігі мол болады.


Сахналық көрініс: Бір ана жұқа қалтаға толтырып салынған алмасы бар, аялдамаға жақындай бере сүрініп кетіп, қалтасы жыртылып алмасы шашылып қалады. Аялдамада тұрған топ бала шу етіп күліп жібереді. Оқушыларға сұрақ қойылады: сендер сол балалардың ішінде боласыңдар не істер едіңдер? (оқушылар өз ойын айтады, мұғалім қорытындылайды)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет