Сабақтың тақырыбы: Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Генетикалық аурулар



Дата19.05.2017
өлшемі82,44 Kb.
#16429
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің ІІ санатты мұғалімі

ДӘУЛЕТБАЙ АКМАРАЛ СЕРІКҚЫЗЫ

Пәні: Биология

Сыныбы: 10 сынып


Сабақтың тақырыбы: Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері.

Генетикалық аурулар

Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың ген /белгі, қасиет/ жайлы білімдерін тексеру. Адамдардағы тұқым қуалау материалының бұзылуына ортаның әсері, тұқым қуалайтын аурулардың жыл сайынғы өсу себептері және оның организмнің тіршілік әрекетіне қолайсыз әсерін тигізуі,

генетикалық аурулар, олардың белгілері, тұқым қуалайтын

аурулардың алдын алу және оларды емдеу жолдары жайлы білім

қалыптастыру.

ә) дербес жұмыс істеу іскерлігін дамыту, ең бастысын тауып қорытынды жасау, ойлау білуді дамыту.

б) Жақын туысты некеден сақтандыру, жетінші ұрпаққа дейін некелесуге тиым салу.



Көрнекілігі: слайдтар, өрмек шіп, әріп жазылған парақтар,“Тұқым қуалайтын аурулар” суреттері, сызбалар, постер парағы, маркерлер, бағалау парағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сто /өрмекші торы, екі шындық бір өтірік, постер қорғау,сұраққа-жауап, мақал-мәтелдер, тапқырлық-сергіту/

Пән аралық байланыс: медицина, экология,география,валеология,әдебиет.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу



Ә) Сынып бөлмесін сабаққа дайындау

Б) Сабаққа назар аудару

В)Ген туралы ойлаңыз /оқушылар/

Г) Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды мына сөзді қайталау арқылы екі топқа бөлемін: генотип, фенотип

ІІ. Үй тапсырмасы:

Генетика тарауына шолу. 2 топтың оқушыларынан 2 оқушыдан тақтаға шығарып, сұрақтар қойылады, жауап берген оқушының қолына бір реттен жіп орап отырамын.Әр топ жетекшілері өз топ мүшелерінің балдарын жазып отырады

Өрмекші торы:

1.Организмнің өз ата-аналарынан гаметалар арқылы қабылдаған гендердің толық жиынтығын қалай атайды /генотип/

2.Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар бөлінеді /гендік хромосомалық, геномдық/

3.Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы /фенотип/

Хромосомалық мутацияның хромосомаішілік түрлерін ата? /делеция, дефмшенция, инверция, дупликация/
4.Генотипіне қарай организмдерді қандай топтарға бөлуге болады /гомозиготалы, гетерозиготалы/

5.Қоршаған ортаның әсерінен болатын тұқым қуаламайтын өзгергіштік? /модификациялық/

Мутациялық өзгергіштіктер дегеніміз не? /кенеттен пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік/

6.Суретте көрсетілген гендердің хромосомадағы орналасу ретінің өзгеруі

хромосомаішілік мутацияның қай түріне жатады?


А

В




Д

Е




В

7.Адам генетикасының зерттелу әдістерін ата? /генеология, егіздік, биохимиялық, цитогенетикалық/

8. Суретте көрсетілген гендердің хромосомадағы орналасу ретінің өзгеруі хромосомаішілк мутацияның қай түрі көрсетілген? /слайд/

9.Егіздік зерттеу әдістері, егіздердер пайда болуына қарай қандай топтарға бөлінеді /біржұмыртқалық, екіжұмыртқалық/

10. Суретте көрсетілген гендердің хромосомадағы орналасу ретінің өзгеруі хромосомаішілк мутацияның қай түрі көрсетілген? /слайд/


11.Гетерозиготалы организмдердің аллельдері қандай /Әр түрлі Аа/

12. Суретте көрсетілген гендердің хромосомадағы орналасу ретінің өзгеруі хромосомаішілк мутацияның қай түрі көрсетілген? /слайд/


13.Гомозиготалы организмдердің аллельдері қандай /бірдей АА, аа/

15.Рудименттік қалдықтар дегеніміз не? /Ата-тектің белгілерінің сақталуы/

16.Атавизм белгілері дегеніміз не? /Ата тектің белгілерінің қайталануы/
Екі шындық, бір өтірік.

1.А) негроидтік нәсілдердің терісі қара түсті, шашы бұйра, мұрны жалпақ, ерні қалың, көзі қара.

ә) Еуропоидтік нәсілдердің терісі ақ немесе қоңырқай, шаштары жұмсақ әрі тік және бұйралау

б)Монғолоидтік нәсілдердің терісі сарғыштау, шаштары бұйра, беттері сопақ, еріндері қалың, мұрны қыр


2.а) Монғолоидтік нәсілдер Алдыңғы Азия, Солтүстік ҮндістанЕуропа, Аустралияда мекендеген

ә) Негроидтік нәсілдер Африкада, Аустралияда, Тынық мұхит аралдарында өмір сүрген

б)Еуропейдтік нәсілдердің таралу аймақтары-Еуропа, Солтүстік Африка, Алдыңғы Азия, Солтүстік Үндістан

Жаңа сабақ

Мұғалімнің бағыт бағдары:

А) Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері, денсаулықтың генетикалық негіздері слайдпен түсіндіру

ә) Оқушыларға постер парағын тарату. Әр топқа тапсырма беру



І-топ: Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептері

ІІ-топ: Тұқым қуалайтын аурулардың белгілері, алдын алу және емдеу

Берілген уақыт аяқталған соң әр топ өз тақырыптарын қорғайды.

Сергіту. «Тапқырлық». Стол үстінде әрбір парақта жазылған жасырын әріптер болады. Екі топтан оқушылар шығып әр қайсысы стол үстіндегі әріптерді алады. Біреуіне Т әрпін алса, екіншісі А ...... Орындарында қалған оқушылар немесе мұғалім сұрақ қоя баятайды.Әр оқушы өз әріпінен бастап сұраққа жауап айтуы керек. Өз әріпінен бастай алмаса, жауап жарамсыз.

1.Тұқым қуалайтын қан ұйымайтын ауру? /Тақырыпқа сай сұрақтың жауабы: гемофилия/

2.Адам генетикасын ешқандай дәрі –дәрмексіз шежірелік сызбанұсқа жасау арқылы зерттеу /Тапқыр болсаң тауып көр демекші бұл сұрақтың жауабы: генеологиялық әдіс болуы керек/.

3. Мутациялық өзгергіштік тұқым қуалайды ма? /тұқым қуалайды/ т.с.с

/Қазіргі уақытта адам баласын неше нәсілге бөледі? /3 нәсілге: негроидтік, еуропеидтік, монғолоидтік/

3.Адамның морфологиялық өзгергіштерін ата? /шашының, терісінің, көзінің түсі, бет, мұрын, ерін, дене пішіні/

4.Тұқым қуалайтын аурудың пайда болу себептері неде? /мутагендердің әсерінен мейоздық бөлінудің дұрыс ажырамауы/

5.Генетикалық ауруларды неше топқа бөлеміз, ата? /хромосомалық, гендік/

6.Қант диабеті ауруының себебі? /ұйқыбез бөлетін инсулин гормонының қызметінің бұзылуы/

7. Даун ауруының бергісі мен себептері қандай?

8Өзгерістен ағзаның қандай да бір қасиеттерінің жақсаруы?

9.Әйелдерде болатын тұқым қуалайтын хромосомалық ауру қалай аталады, хромосома саны: / Шерешевский Тернер 47/

10.Гендік аурулар мен хромосомалық аурулардың ерекшелігі неде? /нуклеотидтердің орны ауысады, хромосомалардың құрылымы неесе саны бұзылады/

Сабақты бекіту: слайд жауапқа сұрақ:


Мұғалім:

Жауап:


Гомозигота –

Генотип


Мутациялық әрекетті күшейтеді,гендердің жұмысын өзгертеді

Зигота


Оқушы:

Сұрақ


аллельді гендердің екеуі де доминатты (АА) не екеуі де рецессивті (аа) болатын организмді қалай айтады?

Ағзаның гендерінің толық жиынтығы қалай аталады?

Сыртқы ортаның әсері адамның геніне әсер еткен жағдайда не болады?

Ұрықтанған жұмыртқа жасушасын қалай деп атайды.



Қазақтың мақал-мәтелдері: /талдап, мағынасын түсіндіре отырып, сабақты аяқтау-мұғалім/

Жақсыдан жаман туса да,

Жаманнан жақсы туса да,

Тартпай қоймас негізге.

Бір биеден ала да туады, құла да туады.

Жеті атаны білмеген жетесіз.

Оқушыларды бағалау: әр топтың топ басшысы өз топ мүшелерін кезеңдер бойынша бағалап отырады

Үйге тапсырма: Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері.

Генетикалық аурулар «Қалдықсыз технология» сөз құрау арқылы бір ойды білдіретін мәтін құрастыру, тақырып қою





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет