Пән: қазақ тілі
|
Мектеп:
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мүғалім
|
Қазіргі қоғам құндылықтары:
мәдениет және өркениет
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 10
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
АДАМЗАТ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдауға үйрету.
|
Бағалау критерийі
|
Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
Құндылық,адами (сұлулығы мен ізгі қасиеттері) құндылықтар.
Құндылықтар, адамның әлеуметтік болмысы,дүние құндылық
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…
|
Құндылықтарды баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпы қоғамдық құндылығы:
Тіл мен мәдениет,өмір бойы білім алу,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, тарих
|
Алдыңғы білім
|
«Динамикалық шеңбер» . Оқушылар коридорға шығып, ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.
|
Жоспар
|
Жоспарлан ған уақыт
|
Жоспарланған жұмыс түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Қызығушылығын ояту. «Түртіп алу стратегиясы».
Оқушылар видеоны көре отырып, ондағы ақпараттарды түртіп алады, сабақтың тақырыбын болжайды. Түртіп алғандарын ортаға салады.
Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
|
|
Сабақтың ортасы
7 минут
3 минут
|
Тыңдалымалды тапсырмасы.
«Миға шабуыл»
Еліміздегі құкдылықтарды дамыту үшін сен қандай үлес қосар едің? Оқушылар өз идеясын стикерлерге жазады да, тақтаға іледі.
«Идеялармен таныс»
Оқушылар тақтаға ілінген идеялармен танысады, үздік идеяларды анықтайды.
ЖЖ. Тыңдалым мәтінімен жұмыс. Тыңдау.
толтырыңыз. Жеке жұмыс.
Құндылық
Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің (немесе әлдененің) бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім (немесе әлдене) үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Дүние құндылыққа толы – материалды (заттар, әшекей бұйымдар, алтын мен асыл тастар, ақша, меншік және т.б.), табиғи (күннің атуы мен батуы, теңіздер мен таулар, гүлдер және т.б.), көркем (әдебиет пен өнер туындылары) және адами (сұлулығы мен ізгі қасиеттері) құндылықтар.
Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Аң екеш аңның өзі төлін қызғыштай қорғайды. Барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Құндылықтар адамның әлеуметтік болмысын айқындайды.Адамзат баласы құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады.
Мәтіннің тақырыбы
|
|
Идеясы
|
|
Мәтіннің аудиториясы
|
|
Автор көзқарасы
|
|
Мәтінде кездесетін тілдік оралымдар (терминдер, ұғымдар, тұрақты сөз тіркестері)
|
|
Мәтінде кездесетін тілдік оралымдарды қолдану мақсаты
|
|
Дескриптор:
мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді;
мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияны анықтайды;
арнайы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдай алады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Әр оқушы «Еркін микрафон» әдісі арқылы «Адамзат әлемі және құндылықтар»тақырыбында бір пікір білдіреді. Оқушы сөзінде берілген тірек сөздер, терминдер, тілдік оралымдар қолданылуы тиіс.
Тірек сөздер: тер төгу, тыным таппау, жарғақ құлағы жастыққа тимеу, жаны ашу, жан-тәнімен берілу, құндылық, табиғи (күннің атуы мен батуы, теңіздер мен таулар, гүлдер және т.б.), көркем (әдебиет пен өнер туындылары) және адами (сұлулығы мен ізгі қасиеттері) құндылықтар.т.б.
«Сен маған, Мен саған…» әдісі арқылы оқушылар білімін бағалау
|
Тыңдалым материалы
|
Соңы
5 минут
|
ҚБ:Үш қалпақтың түсіне қарай басқа топтың жұмысын бағалау
(топаралық бағалау)
- топтың тек жақсы жақтарын айтады
-ұсыныстар айтады
-жалпы топ жұмысын қорытындылайды
|
«Үш қалпақ»
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|