Сабақтың тақырыбы: «Адамзаттың перзенті -Ұлы Абай!»



Дата24.03.2018
өлшемі51,14 Kb.
#39616
түріСабақ
Нурметова Анар Орынбаевна,

№46 мектеп-лицей мұғалімі

ОҚО, Шымкент қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Адамзаттың перзенті –Ұлы Абай!»

«Адамзаттың перзенті –Ұлы Абай!» атты қазақ және орыс тілдегі әдеби-музыкалық монтажды кеш сценарийі.

Мақсаты: Ұлы Абайдың өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдері мен әндерін айту.

Шәкірттердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Адамзаттың перзенті - Ұлы Абай» деп аталады. Бұл кеш Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналады.

1 .Жүргізуші : Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап-күлмес.

Менімен менікінің айрылғанын,

«Өлді » деп ат қойыпты өңкей білмес.

2.Жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге болама айтыңдаршы

Адамдарды артында сөз қалдырған!


1 оқушы:

Души измученной постигни суть

Тяжелым и тернистым был мой путь

Я человек с загадкой помни это

Боролся с тьмой , как мог не обесудь !

1.Жүргізуші: Абайдың дүниеге келер алдында , әкесі Құнанбай түс көрген екен. Түсінде Әнет баба оған «Ибраһим» деп Пайғамбардың атын айтып ғайып болады. Осы түстен кейін көп ұзамай Құнанбайдың әйелі Ұлжан босанып, дүниеге ұл келді деген хабар жетеді.

Көрініс. Нәрестеге ат қою туралы. (5-6 сынып оқушылары)

1-жүргізуші: Осылайша Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телқара деп те атаған екен.

2-жүргізуші: М.Әуезовтің өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш рет «Телқара» деп атаған екен. Сол Телқараның әлем таныған Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

2-оқушы: Абай родился в августе 1845 года, в Семипалатинской области, в семье Кунанбая Ускенбаева. Крупнейшего феодала, главы целого рода Тобыкты. Отец Абая был очень строгим, жестоким человеком. Даже разорвав определенный жизненный путь период отношение с сыном, он тем не менее гордился с его достоинством и уважал его за твердость в отстаивание своих позиции. Есть сведения , что однажды Кунанбай отмахиваясь от комплиментов в адрес своего сына сказал Пусть сначала сумеет породит такого сына какого я породил! На сколько суров был отец Абая, на столько мягка и нежна была мать Улжан. Была еще бабаушка Зере, которые с детствая не уставая рассказывала ему народные мудрости, сказки, который любознательный Абай впитывал в себе ненасытно.

1-жүргізуші : Абай тұңғыш рет қазақ әдебиетінде табиғатқа жан беріп, табиғатты адам бейнесінде жырлаған ақын.

3-оқушы. Қыс өлеңі

2-жүргізуші:Абай жылдың барлық мезгілін жырлаған ақын. Сондай өлеңдердің бірі –баяу музыка орындалады. Жазғытұры. Оқитын 4-оқушы

Күз. Оқитын 5-оқушы

Жаз. Оқитын 6-оқушы

Көрініс: Төрт мезгіл (5-6 сынып оқушылары)

Жүргізуші : Абай өлеңмен қатар ән де жазған. Ол әнге деген сүйіспеншілігін:

Құлақтан кіріп бойды алар ,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй ,- деп білдірген.

Ән: Көзімнің қарасы . Хор. Орындайтын 5- 6 сынып оқышылары.

Жүргізуші: Создавая человека, всевышний наделил его различными органами чувства. Чтобы люди могли общаться и понимать –язык., глаза-чтобы видеть, слух,чтобы слышить звуки, наслаждаться пением и музыкой. Разве это не свидетельство любви всевышнего к человеку. Он создавал нас обдуманно , и с огромной любовью.

Ән: Желсіз түнде жарық ай. (5-6 сынып оқушылары)

Жүргізуші: Абай халқына пайдалы болудың жолын білімнен ,оқудан, кітаптан және орыс мәдениетінен іздейді.

Ол адамзаттың бәрін сүй....бауырым деп шақырған

Русская народная музыка –баянда орыс музыкасы орындалады.

Би. Орыс биі (7 сынып оқушылары)

Жүргізуші: Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатындары өзінің балалары.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» –атты ақындар сайысының жеңімпаздары ортада.

Он творчеством культуру нес. Орындайтын оқушы

Жүргізуші: Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген . Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек - осы қара сөздерде жалғасып дамиды.

Күй. Қобызда. 5 в сынып оқушылыры

Қара сөз -17 сөзі қазақша-көрініс (8 сынып оқушылары)

15 сөзі - орысша 7 оқушы

Жүргізуші: Выдающийся сын казахского народа, поэт, просветитель, мыслитель, гуманист, демократ, родоначальник новой письменной казахской литературы-Ибраһим-Абай, принадлежащий к четко гордо людей, которые не взирая на их национальной принадлежность и веры исповедания несет добро во все времена.

Абай өлеңдерін жатқа, мәнерлеп айту.

8 оқушы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Ғылым таппай мақтанба...

Әсемпаз болма әрнеге.

Жүргізуші: Мог ли Абай будучи сам переводчиком, допустить , что спустя годы заговорит с читателями на азербайджанском, арабском, башкирском, киргизском немецком языках?!

Жүргізуші:

Қараңғы түнде тау қалқып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал ғып

Түп басады салбырап.

Шаң шығармас жол дағы,

Сілкіне алмас жапырақ

Тыншығарсың сен дағы

Сабыр қылсаң азырақ.

9- оқушы


М.Ю.Лермонтов

Горные вершины

Спят во тьме ночной

Тихие долины

Полны свежей мглой

Не пылит дорога

Не дрожат листы

Подожди немного

Отдохнешь и ты !

Жүргізуші:Абай туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруда, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды.Туған халқыда Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып , тұмардай сақтады. Қазақ елі туған елін, атамекенін көздің қарашығындай сақтап тату-тәтті өмір сүруде.

10-оқушы

Единство мы должны беречь

Мир счастье для страны родной

Напрасно никогда не спорь

За истину за правду стой

Всем пресытиться может душа

Только песня всегда хороша

Если ты вдохновенно поешь

Грудь ликует ,свободно дыша.

Песня Атамекен



Ән-Атамекен Хор (5-6 сынып оқушылары)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет