Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың рухани ұстаздарының өситтері Оқытушы: Қыдырғалиева Бибінұр Қыдырғалиқызы



бет5/5
Дата30.01.2022
өлшемі37,91 Kb.
#116405
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері
Документ (18)
Топпен ән айту: Ырзамын

Мұқағали Мақатаев

Тағы да көрдім,

Тағы да көрем таң нұрын!

Аязын қыстың,

Аяулы жаздың жаңбырын.
Алтынға, мейлі, толмай-ақ қойсын сандығым,

Ырзамын саған!

Ырзамын саған, тағдырым!

Шаршаған шақта,

Шақырып сені жекпе-жек,

Басыма менің,

Бақыттан басқа төкпе деп,

Тағдырым, саған

Жүріппін босқа өкпелеп.
Өшпестей етіп,

Өмірдің жазған бұл заңын,

Түсінбей кейде,

Тосырқап менің жүр жаным.


Кеудемде мына,

Өзің сыйлаған бір жалын,

Лапылдап жатыр,

Тағдырым, саған ырзамын!







Үй жұмысы: Сабақтың дәйексөзін жаттау және "Адамзаттың рухани ұстаздарының өсиеттері" тақырыбында слайд жасап келу.









Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Мен» деген әр адамның адамгершілік қасиеті, рухы, мейірімі, ал «менікі» деген оның тәні, оның еңбегімен жасалған, артта қалар дүние-мүлкі. Біз материалдық құндылықтардың – уақыттың еншісі яғни олар бүгін бар, ертең жоқ екенін, ал адамның жақсы ісі, адамгершілігі руханилығы мәңгілік болатынын ұғынуға тиістіміз. Материалдық дүние де адамға күнделікті өмірде қажет. Алайда оған қанағатшылықпен қарау, яғни барға риза болып, нәпсіге ермеу дұрыс әрекет. Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеу, одан шығу жолын ақылмен, сабырмен іздеу. Күнделікті өмірде түрлі таңдаулар, жақсы да жаман да кездеседі. Осылардың аражігін ажыратып, тілек-қалауларды реттеп, тежеп отыратын – адамның руханилығы, ақыл-парасаты. Ақыл-парасат адамдарды жаман істерден, өмірдің өткенші ләззатына берілуден тежейді. Адамгершілікке тән адал қасиеттерді айтып, біліп қана қоймай оны ісіне, күнделікті өміріне арқау еткендерді нағыз адам, жақсы адам деуге болады.






Сабақ аяқталды.Сау болыныздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет