Сабақтың тақырыбы: Ағаш сабағының ішкі құрылысы. Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсенбек А. С


Қолдану Берілген мәтіндерді балалар оқып алады



бет3/5
Дата08.11.2023
өлшемі34,45 Kb.
#190530
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабақ жоспары. Ағаш сабағының ішкі құрылысы
РЕЦЕПТ..., РЕЦЕПТ..., дип работа 2022 мех
Қолдану
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Топтарға тапсырма:
1-топ: Ғалымдар
Көптеген көпжасушалы жануарларда тасымалдау жүйесінің рөлін қан және қанның қозғалысын қамтамасыз ететін қан тамырлар жүйесі атқарады (51-сурет).
Оттек қан арқылы тасымалданатын маңызды зат. Ол тыныс алу мүшелерінде (өкпе) сіңіріледі. Сонымен оттек молекуласы бауыр жасу- шаларына да, ми жасушаларына да, аяқ бұлшық етінің жасушаларына да т.б. керек. Оттексіз ағзаның кез келген жасушасы тіршілігін жояды. Оттек өкпеден дене жасушаларына, дене жасушаларынан өкпе жасу- шаларына көмірқышқыл газы сияқты, құрамына темір кіретін арнайы зат арқылы жеткізіледі.
Қоректік заттар қан арқылы әртүрлі жолмен тасымалданады.
Үшінші топқа қан арқылы тасымалданатын әрбір жасушада түзілетін зиянды заттар жатады.
2-топ: Дәрігерлер
Жасушаларда түзілетін және қанға түсетін зиянды заттардың көпшілігі (көмірқышқыл газынан басқа) бүйрек арқылы зәрмен және тері арқылы термен бірге шығарылады. Бөліп шығаруда бүйрек негізгі рөл атқарады. Бүйрек қанды тазалайтын қуатты биологиялық сүзгі бо- лып табылады. Егер зиянды заттар адам ағзасында қалып қойса, ағза бір сағаттай уақыт ішінде өздігінен уланар еді.
Тері қосымша сүзгі қызметін атқарады. Ағзадағы барлық химиялық үдерістер жылдамдаған кезде оның рөлі артады. Бұл ыстық кезде және физикалық жүктеме кезінде жүзеге асады. Осындай жағдайда адам қарқынды терлейді. Көмірқышқыл газының өкпе арқылы шығарылатынын білесіңдер..
3-топ: Ұстаздар
Өсімдік ағзаларындағы тасымал. Тамырдың топырақтан қоректік заттарды сіңіретін мүше екенін білесіңдер. Оған өсімдікке қажет су мен онда еріген минералды және органикалық заттар жатады. Органикалық (минералды) заттар – азот, калий, фосфор мен микроэлементтер болмаса өсімдік тіршілік ете алмайды. Топырақта органикалық зат – қарашірік болмаса өсімдік қандай да бір уақыт өседі, бірақ ол нашар дамиды. Сондықтан топырақ құнарлылығы деген түсінік бейорганикалық заттар мен қарашірік мөлшерімен байланысты.
Тамырдың рөлі топырақтан заттарды сіңіру ғана емес, оны өсімдіктің жерүсті мүшелеріне – сабақ, жапыраққа өткізу. Тамыр жасушалары арнайы құрылысына байланысты ерітіндіні сабаққа итеру қабілетіне ие. Бұл күш тамыр қысымы деп аталады.
Сабақ – тамыр мен жапырақ арасында заттарды өткізетін басты мүше. Сондықтан өсімдіктің барлық бөлігінің қажет заттарды алуы сабақтың өткізгіштік жүйесіне байланысты.
Жапырақтың өткізгіштік шоғыры – жүйкесі туралы білесіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет