№ 30 жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Бахытжанова Гулбагида Закировна
Еңбекке баулу 4- сынып
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан сырмақ жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарының бірі сырмақтың түрлері, пайдалану тұтыну ерешеліктері және қағаздан сырмақтың жасалу жолдары туралы түсінік беру.
Дамутышылық: Олардың таным белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, сыни тұрғыда ойлану қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Зергелік бұйымдардың ұлттық мұрасы екенін айта отырып, ұлттық мұраны қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, іс-әрекет.
Сабақтың құрал-жабдықтары: түрлі түсті қағаз, қайшы, сызғыш, қарындаш, желім.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгелдеу, кезекші жауап береді.
3.Сабаққа қажетті оқу жабдықтарының түгелдігін қадағалау
ІІ. Жаңа сабақ
Қолөнер-халық өмірімен, тұрмысымен біте қайнасып келе жатқан кәсіп түрі. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындылары халықтың тұрмыс-тіршілігімен, эстетикалық талғамымен астасып кеткен.
Қолөнер бұйымдарының бірі-сырмақ. Сырмақ сөзі-сыру деген сөзден шыққан. Сырмақ киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Ол үлкен сырмақ, кішкене сырмақ, төр сырмақ, төсек сырмақ, көш сырмақ, төрткүл сымбақ. Сырмаққа тұтас өрнек пен кіші өрнектер қолданылады.
Сөзжұмбақ шешу «Сырмақ»
с
ы
р
м
а
қ
Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі
Тігінші құралы
Ең көне ою
Іс тіккенде саусаққа киетін құрал
Жеңсіз жеңіл киім
Құралып тігілетін бұйым
ІІІ. 1.Оқулықпен жұмыс. Іштей тізбектей оқыту.
1. Сырмақ деп қандай төсенішті айтамыз?
2. Сырмақ неден жасалады?
3. Сырмаққа қандай ою-өрнектер қолданылады?
2. Постермен жұмыс
1-топ Сырмақ түрін ата
2-топ Суретпен жұмыс (ассосиация)
3-топ Сурет құрастыру (сырмақ)
ІV. Сарамандық жұмыс
Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсіреді.
Жұмыстың орындалу реті:
1.Түрлі түсті қағаздың дәл ортасынан көлденең және тік сызық жүргіземіз
2. Оны төртке бүктеп, бір бөлігіне қарындашпен оюды сызамыз
3. Сызық бойынша оюды қиып аламыз.
4. Дайын оюға желім жағып, түрлі түсті қатырма қағаз бетіне желімдейміз.
Сергіту сәті:
Қолыңды алға созайық,
Қағаз кеспек болайық
Бір, екі ,үш,төрт,
Енді еркін тыныстап,
Демалайық дұрыстап.
Оқушыларды сергіту үшін қол өнер туралы мақал-мәтел айтқызу.
Өнерлінің қолы – алтын,
Өлеңшінің сөзі – алтын.
***
Өнерлінің өрісі кең.
***
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Өнерлі өрге жүзеді.
***
Өнершінің қолы – ортақ.
***
Ою ойғанның ойы ұшқыр.
***
Шебердің қолы – көпке ортақ.
-Жарайды, мақал-мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер. Енді жұмбақ жасырып жарысайық:
Бірі қашып келеді,
Бірі қуыпкеледі.
Түгеленді түймелер,
Маған да сол керегі. (Ине-жіп)
Екі басты жалмауыз,
Керіп аузын ашады.
Алдына түскен нәрселер,
Өзінен өзі қашады. (Қайшы)
V. Сабақты бекіту. Бағалау.
1. Сырмақтың түрлерін ата.
2. Сырмақ сыру үшін қандай материалдар керек?
3. Сырмаққа қандай ою түрлері қолданылады?
4. Сырмақтың жасалу жолын айтып бер.
VІ. Үй жұмысы.
Әр түрлі ою-өрнектерді пайдаланып, қағаздан сырмақ жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |