Сабақтың тақырыбы: Ағылшын тілінің грамматикасы Сыныбы: 6 «а»


The indefinite article: a (an)



бет6/10
Дата06.02.2022
өлшемі477,39 Kb.
#32710
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
The indefinite article: a (an)
(an – дауыстылардың алдында) артиклі көне ағылшын тіліндегі An (бір) деген сөзден шыққан. A артиклі өзінен кейін тұрған заттың көп заттың ішіндегі бір зат екендігін білдіреді. Ол зат көп заттардың арасындағы кез-келген біреуі болуы мүмкін. Ол зат жайлы алдын-ала айтылмаған. Әңгімелеуші адам алғаш рет айтып, таныстырып отыр.
Мысалы:
I am a student (Мен – студентпін). Көп студенттің бірімін. Егер мен студенттердің арасындағы ерекше студент болсам, онда басқаша айтылған болар еді.
This is an apple (Бұл – алма). Адам санап болмайтын алмалардың біреуі ғана. Ол алманың нақты қандай алма екендігі туралы ештеңе айтылып тұрған жоқ.
Байқасаңыздар, белгісіздік артикльдеріне келтірілген жоғарыдағы мысалдарда студент пен алма жайлы ешқандай тура дерек, сипаттама, ақпарат жоқ. Тек студент екендігі алма екендігі ғана айтылды. Ал қалған ақпараттар мәлім емес. Мысалдардан белгісіз студент пен белгісіз алманы ғана білдік.
Ескерту!
Белгісіздік артикльдері тек жеке түрдегі зат есімдердің алдына қойылады. Көпше түрдегі нұсқасында артикль түсіп қалады. Мысалы:
I am a student. | We are students (Біз – студентпіз).
…………………………………………………………………………………………………….


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет