Сабақтың тақырыбы Ахмет Байтұрсынов ұлт ұстазы Зерттеу сұрағы



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі26,34 Kb.
#107390
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 Қазақстан тарихы 8 сынып Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы қысқа мерзімді жоспар


Бөлім: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

Мектеп:


Уақыты:

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынов - “ұлт ұстазы»


Зерттеу сұрағы

Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау;

Сабақтың мақсаты

Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалайды.


Тарихи концепт (фокус)

маңыздылық

Тілдік мақсаттар

Ахмет Байтұрсынов туралы мәтінді оқып,талдайды. (оқылым мен айтылым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

сауаттылық, техникум, алғашқы жоғары оқу орындары, институт, ғылыми зерттеу орталықтары, академия



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Ахмет Байтұрсыновтың ғылым саласына қосқан үлесі ........

Ахмет Байтұрсынов қоғам қайраткері ретінде қызметтер атқарды........


Бағалау критерийі

Жоғары ойлау дағдысы

  • А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы мен тіл ғылымы саласы, қоғамдық-саяси өмірге сіңірген еңбегін анықтап, өзіндік ой-қорытынды жасайды.




  • А. Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» екендігін «ПТМС» әдісі арқылы дәлелдейді.




  • Жекелеген оқушылар А.Байтұрсыновтың реформатор болуына әсер еткен факторлар бойынша STEEPLE талдауын жасайды.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық және топтық жұмыс барысында құрмет көрсету, ашықтық, бір- бірінің ойын құрметтеу құндылықтары жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихынан кеңестік замандағы білім және ғылым туралы алған білімдерін қолданады;

Қазақ және орыс әдебиеті пәндерінен ХХғ. 20-30жж. зиялылардың ағартушылыққа қосқан үлесі туралы білімдерін қолданады

Қазақ тілі пәнінен игерілген дағдыларын өз ойларын дұрыс жеткізу кезінде пайдаланады.


АКТ қолдану

Мүмкіндігінше Ахмет Байтұрсынов туралы ақпарат қарастырады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 8 сынып бағдарламасынан ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Қызығушылықты ояту кезеңі


БСМ Оқушыларға төмендегідей цитатаны ұсыныңыз. Цитатаның төңірегінде сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз.
Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.

С.Сейфуллин

  • цитатада кім туралы айтылады?

  • цитата қандай ақпарат береді?

  • цитатаның құндылығы неде?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, бағалау критерийлері хабарланады.

Зерттеу сұрақтарымен таныстырылады.



  • Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

Презентация


Мағынаны тану



Зерттеу және талдау

Д/Ж Оқушыларға А.Байтұрсыновтың еңбектері туралы ықшамдалған мәтін ұсыныңыз.

1-тапсырма: мәтін мазмұнын пайдалана отырып, А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы мен қоғамдық-саяси өмірге сіңірген еңбегіне 3 дәлел келтіріңіздер. Өзіндік ой-қорытынды жасаңыздар.


Қазақ жазуы мен тіл саласына сіңірген еңбегі

Қоғамдық-саяси өмірдігі белсенділігі

1.
2.


3.

1.
2.


3.

Өзіндік ой-қорытынды:


Бағалау: оқушылар жұпта кестемен жұмысты аяқтағаннан соң, топтарға бірігіп, талқылайды. бір- біріне кері байланыс береді.

Мұғалімнің кері байланысы.
2-тапсырма: Берілген ақпараттарды қолданып, А. Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» екендігін «ПТМС» әдісі арқылы дәлелдеңіздер.

  • Позиция (біз солай санаймыз,....)

  • Түсіндіру (....себебі...)

  • Мысал (біз мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламыз....)

  • Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймыз....)

Бағалау: топта ең үздік жұмыс таңдап алынады, сынып алдына шығып оқиды.Оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс береді.

Мұғалімнің кері байланысы.
Ж Сыныпта жекелеген оқушыларға А.Байтұрсыновтың ұлт ұстазы болуына әсер еткен факторлар бойынша STEEPLE талдауын жасауға тапсырма беріңіз.


Факторлар

Әсері


S - әлеуметтік




T-технологиялық




E-экономикалық




E-қоршаған орта




P-саяси




L-құқықтық




E-этникалық




Жекелеген оқушылар тапсырма сынып алдында қорғайды.

Бағалау. Алдын ала құрастырылған критерийлер бойынша оқушылар бір- бірін бағалайды.

Мұғалімнің кері байланысы.


Дереккөз: http://e-history.kz/kz/contents/view/2403
© e-history.kz

https://www.zharar.com/kz/biography/1454-ahmet.html

© www.ZHARAR.com



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет