Сабақтың тақырыбы: Қажеттіліктер мен мотивтер Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата25.01.2022
өлшемі25,4 Kb.
#114464
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
№17 лекция

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен амандасу.

Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.

3.Білімді жан-жақты тексеру.

Бұрынғы өтілген материалды қайталау.

4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.

А)жаңа сабаққа назарын аударту.

Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.

5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.

Тақырыбы:Қажеттіліктер мен мотивтер

Жоспар:


  1. Мотив – мотивацияның құраушы бөлігі ретінде.

  2. Қажеттілік – құндылық ретінде

  3. Қажеттіліктердің жіктелуі

Мотив (италиян тілінде motіvo – мелодия (әуен), тақырып) – 1)шағын музыкалық құрылым, үзінді. Өзіндік көркемдік сипатқа ие, бір әуендік тақырып, интонация. 1 – 2 тактіге немесе бірнеше ноталар құрамына сиып кететін мотив негізінен мелодияның болмысын анықтайды. Ауыспалы мағынада мотив әуен яки тақырып деген түсінікте қолданылады. 2)Мотив (латын тілінде moveo – қозғаушы, итермелеуші) – адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді. Тұлғаның іс-әрекеттеріне, қылықтары мен пиғылдарына баға беру үшін оның мотивтерін айқындау керек. Мотивтің мәнін, құрылымы мен маңызын зерттеумен психологиязаң, этика ғылымдары шұғылданады.

Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.

Қажеттіліктер - адам тұлғасының, қоғамның жалпы өмір сүруін және дамуын қолдау үшін объективті кажетті нәрселерді кажетсіну. Қажеттіліктер биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді, олар экономика мен мәдениет дәрежесіне байланысты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттердің бірі болып табылады

Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттен керегін алып, өзінің мүддесін, мақсатын қанағаттандырып отырады. Ол табиғатқа тәуелді болады, бірақ, бұл тәуелділікті біршама бәсеңдетуге, төмендетуге тырысады. Сөйтіп ол табиғаттағы жоқ заттарды қолдан жасап, өзінің қажетілігін, мұқтаждығын қанағатандырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.


Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажетілікті терең, жан-жақты түсініп, оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсеңділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс-әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.
Кейбір жағдайларда адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.
Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.
Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал, мүдденің мақсатқа айналуы бұл субъект қызметінің екі сатысы. Мұның әрқайсысы іс-әрекеттің себебі ретінде сипатталады,
Мүдденің мақсатқа айналу сатысында қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың өзара байланыс-қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс-әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады. Тұлғадағы жоғары адамгершілік, құнды, бағалы нұсқаулар, мұраттар, бағдарламалар оны қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу ретінде бола отырып, тұлғаның жоғары кәсіби мамандығын, белсеңділігін, жауапкершілігін, іскерлігін ұдайы арттырып отырады. Бұл қатынастар индивидтің нақтылы қызметінің мәні мен мазмұнын, оның мақсаты мен міндетін қалай түсінетініне, осы қызметтің қажеттілігіне деген сезіміне қарай өзінің қызметінде қанағаттану немесе қанағаттанбау сезіміне сәйкес құрылады.Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.
6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу. Қайталау және бекіту сұрақтары:

7.Бекіту сұрақтары.

1. Мотив дегеніміз?

2. Мотив түрлері?

3.Қажеттілік терминіне сипаттама беріңіз?

4.Мотив пен қажеттіліктің байланысы?

8.Үй тапсырмасын беру.

Қажеттіліктер мен мотивтер тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.



9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет