• Бауыраяқты ұлулар класы.
Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.
• Басаяқты ұлулар класы.
Олар – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, корегін аулайды. Каракатица және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратып жүзеді.
• Қосжақтаулы ұлулар класы.
Бұлар – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. құрлықта кездеспейді. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған
Айқұлақ судың түбінде мекендеп, сондағы құмға денесінің доғаланған алдыңғы бөлігімен көміліп жатады. Дене тұрқы он сантиметрдей. Жотасынан майысқақ сіңірмен байланысқан екі жақтаулы бауыр жағынан ашылып - жабылатын бақалшағы болады. Бақалшақтардың арасынан ай не құлақ тәріздес пішіндегі аяқтары көрінетіндіктен айқұлақ деп аталады.
Айқұлақтың бақалшағынан былқылдақ денесі көрінеді, басы жойылып кеткендіктен, денесі тұлға мен аяқтан құралады. Аяғының қасында айқұлақтың аузы көрінеді. Ауыздың екі жағында қармалауыштары және тіл тәрізді аяғының екі қапталында тақташалы желбезектер болады. желбезектерді кірпікшелер қаптап жатады. Сол кірпікшелер қимылдағанда су кіріс симфонынан еніп, шығару сифонынан сыртқа шығады. Сифондар айқұлақтың артқы жағында бірінің үстінде бірі орналасады. Су астыңғы кіріс сифонымен енгенде, онымен қоса ұсақ жәндіктер де айқұлақтың бақалшағына енеді де, судың ағынымен аяқтың үстіңгі жағындағы ауызға барып, үлкен тоспаұлуға ұқсас- асқорыту жүйесіне түседі. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі, жұтқыншағы жоқ, сондықтан қорек алдымен өңешке, одан қарынға және ішекке өтеді. Айқұлақтың бауыры жақсы жетілген , оның өзегі қарынға ашылады.Айқұлақ бүйрегі арқылы зәр шығарады. Айқұлақта арнаулы сезім мүшелері болмайды. Айқұлақ-дара жынысты жәндік, бірақ оның аталығын аналығынан айыру оңай емес.
Мидия-калифорниялық мидиялар-"бисал тізбегі" деп аталатын талшықтары арқылы жартастарға жабысып тірішілік етеді.Гамбут хитондары-"қақпақша" аталатын сегіз тілемшеден тұратын ұлулар. Мүйізді ұлудың артқа қарай бағытталған мүйіз тәріздес өсінділері бар қарақошқыл қабыршағы болады. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |