Сабақтың тақырыбы: Айқұлақ (немесе інжуір) және мидиялар. Олардың тіршілік орталары. Құрылысының ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы. Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата05.02.2022
өлшемі132,48 Kb.
#17634
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Айқұлақ (немесе інжуір) және мидиялар. Олардың тіршілік орталары. Құрылысының ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі.Тыныс алуы. Көбеюі. Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, қимақағаздар, бейнекөрініс.
Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу
- сыныптың тазалығын тексеру
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру
- оқушыларды топқа бөлу; (психологиялық тренинг арқылы)
I. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Біліміңді сынап көр. (сұрақ-жауап оқушыларға ауызша сұрақтар қоямын,олар жауап береді)
1.Ұлулар типінің кластарын атаңдар?
( бауыраяқтылар,басаяқтылар,қосжақтаулылар)
2.Тип неге «ұлулар» деп аталған? (бұл топтағы жәндіктер денесі буылтықсыз, өте жұмсақ және дене құрылысы ұқсас болғандықтан, ұлулар типіне жатады)
3.Ұлуларда жаңадан пайда болған қандай мүшелер жүйесі бар, олар қандай қызмет атқарады? (тіс орнына үккі, асқа қатысты без бауыр мүшелері дамыған)
4.Ұлулар қалай тыныс алады? (құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпе арқылы тыныс алады, ал суда тіршілік ететіндер шапанша астында орналасқан желбезек арқылы жүзеге асады)
5.Ұлулар қалай қозғалады? (аяқтары арқылы қозғалады)
Кесте толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет