Сабақтың тақырыбы: Айқұлақ (немесе інжуір) және мидиялар. Олардың тіршілік орталары. Құрылысының ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы. Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата05.02.2022
өлшемі132,48 Kb.
#17634
түріСабақ
1   2   3   4
Ұлулар типі
Дене қуысы
Асқорыту жүйесі
Артқы ішек
Аналь тесігі
Тынысалу жүйесі
Қантарату жүйесі
Сорғыштар
Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдыр
Жүзімұлу
Айқұлақ
II. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.
Ұлулар типі
Бауыраяқтылар
Қосжақтаулылар
Басаяқтылар
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.
Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.
Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет