Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток тақырыбын қайталау, есеп шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата05.03.2020
өлшемі59 Kb.
#59632
Байланысты:
айнымалы токка есептер
айнымалы токка есептер
Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток тақырыбын қайталау, есеп шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әрбір оқушының және бүкіл сыныптың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін бекіту және тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, практикалық икем-дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту, өзін-өзі бағалауға үйрету.

Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, іздемпаздыққа, тез ойлануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Аукцион сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық, қайталау, өз бетінше жұмыс, тесттік.

Сабақтың көрнекілігі: плакат (сөздер жазылған), сызбалар, есеп кеспелері, физикалық сөзжұмбақтар, «жорға» сұрақтары, «қара жәшік», тесттік сұрақтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер»- ұранымен сабағымызды бастаймыз.

Сабағымыздың негізгі мақсаты тарау бойынша қайталау, білімімізді бекіту, негізгі формулаларды қолданып есеп шығара білу.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау мақсатында физикалық сұрақтар аукционын өткіземіз. Сұраққа жауап берген оқушылар сыйлықтар алады.

1 сұрақ.


Актив кедергі, ток күші мен кенреудің тербеліс теңдеуі, фазалық қатынасы, әсерлік мәндері?

2 сұрақ.


Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі? Формуласы? Ток күші мен кернеудің тербелісінің фазалық қатынасы, тербеліс теңдеуі?

3 сұрақ.


Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік кедергі? Формуласы? Ток күші мен кернеудің фазалық қатынасы? Теңдеуі?

4 сұрақ.


Реактивті кедергі, толық кедергі формуласы?

5 сұрақ.


Электр тізбегіндегі резонанс? Резонанс шарты?

ІІІ. Физикалық формулалар мен физикалық шамаларды жазу үшін оқушылар кезекпен тақтаға шығады. (әр оқушы сыйлық алады).

ІV. Оқушылар тақтада формула жазып жатқанда, қалған оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. («Мен-саған, сен-маған»)

V. Есеп шығару аукционын өткіземіз. «Қара жәшікте» сыйлықтар болады.

Есепті шығарған оқушылар жәшіктен сыйлық алады.

№1 есеп(107-М)

Тербелмелі контур индуктивтілігі 0,1 Гн, сыйымдылығы 1 мкФ. Тербеліс жиілігі 5 кГц-ке тең. Индуктивтік кедергінің сыйымдылық кедергісіне қатынасын тап.

Берілгені: L=0,1 Гн XL =2π νL XC = 1/2π νC

C=1 мкФ

ν= 5 кГц XL / XC = 2π νL 1/2π νC= 4 π2 ν2 L C


т/к: XL / XC XL / XC =40*2,5*106 *0,1*10-6 ≈ 100


1220-Д

Дроссельдің индуктивтілігі 0,5 Гн, оның актив кедергісі 300. Ом. Токтың жиілігі 50 ГЦ және 10 кГц болса, индуктивтік кедергінің актив кедергіге қатынасы қандай болады?

Берілгені: L=0,5Гн XL1 =2π ν1 L

R=300. Ом

ν1 = 5 0Гц XL1 = 6,28*50 Гц*0,5Гн =157. Ом

ν2 = 10к Гц

XL1 /R =157. Ом : 300. Ом ≈ 1/2

т/к: XL1 /R , XL2 /R XL2 =2π ν2 L


XL2 = 6,28*104 *0,5 гн 3,14*104 Ом.

XL2 /R = 31400 :300 ≈ 100


№3-МБ

Индуктивтік кедергісі XL =500. Ом катушка жиілігі ν = 1000Гц айнымалы кернеудің көзіне қосылған. Кернеудің әсерлік мәні 100 В. Тізбектегі ток күшінің Im амплитудасын және катушканың L индуктивтілігін анықтау керек. Катушканың актив кедергісі ескерілмейді.

Бер: XL =500.Ом Шешуі: Im =I√2 Im = U/ XL=100 B/500. Oм =0,2A

ν= 1000 Гц

U=100 В Im =I√2 = 0,2A*1,4 =0,28A

R=0 XL=2πνL L= XL/2πν=500.Ом /6,28*103=0,07Гн

т/к: Im , L
(107-М)

Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтілік кедергіміз 80. Ом. Айнымалы ток жиілігі 1000Гц тізбекке қандай индуктивтілік қосу керек?

Бер: XL =80.Ом Шешуі: XL=2πνL

L= XL/2πν=80.Ом/6,28*1000Гц=0,0127Гн

ν= 1000 Гц

т/к: L
Жиілігі ν = 500Гц айнымалы ток тізбегіне индуктивтілігі L=10м Гн катушка қосылған. Резонанс басталу үшін бұл тізбекке сыйымдылығы қандай конденсатор қосу керек. Шешуі: ωрез0 = √ LС ω=2πν 2πν=1/√ LС

2ν2=1/LС С=1/4π 2ν2 L

Бер: ν= 500Гц С=1/40*25*104 *10-2 (Ф) = 10-5 Ф =10мкФ

L=10мГн=10*10-3 Гн

ωрез0

т/к: С
VІ. Есеп шығарғаннан кейін сергіту мақсатында сөзжұмбақ оқылады:

Ой мен қане көк теңізін кешіңдер

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер

Айтылғанда физикалық сөзжұмбақ

Зейін салып, зердеменен шешіңдер.


  1. Диэлектрикпен бөлінген

Екі өткізгіштен тұрады

Зарядтарды қойылтып,

Құралдарға бұрады.


  1. Жарқылдан соң жаңағы

Суға бөкті бар алап

Көкке түрлі жолақты

Өрнек тұрды ғаламат (кемпірқосақ)


  1. Күндіз, қасыңнан қалмайды.

Бірақ, ешкім ұстай алмайды.

Қорқақ па, қараңғыға бармайды. (көлеңке)

4. Алпыс кісі аяқтасты, ерте тұрып таяқтасты. (кірпік)

5. Көк шатырда көк орақ

Өмірі ормас ол орақ . (жарты Ай)

6. Дарияның ортасында екі жайын,

Бірі кетсе, бірі дайын. (Күн мен Ай)


  1. Бойындағы зарядты

Ұзақ уақыт сақтайды.

Реленің күшімен,

Бүлдірместен баптайды. (аккумулятор)

VІІ. Сабақты бекіту мақсатында тест таратылады. «Жедел тест» (10 сұрақ)

Оқушылар тестті белгілеп болған соң, тақтаға тест кілті , бағалау критерийі ілінеді. Соған қарап оқушылар өзін-өзі бағалайды. Тест жауаптарымен жиналып алынады.

VІІІ. «Жорға» сұрақтары арқылы сабақты қорытындылау.



Бекіту сұрақтары.

  1. Еріксіз электромагниттік тербелістер. (айнымалы ток)

  2. Айнымалы ток тізбегіндегі кедергі (актив кедергі)

  3. I2 R-ге тең шама. ( қуат)

  4. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы .

  5. ω мен с көбейтіндісіне кері шама (XC )

  6. ω мен L көбейтіндісіне тең шама (XL )

  7. Сыртқы айнымалы кернеу жиілігі контур жиілігімен теңескенде

ток күші амплитудасының арту құбылысы.

ІХ. Үйге тапсырма беру: 26.3, 26.4. есептер, тесттік есептер. Оқушыларды бағалау, сабақты аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет