Бөлім: ІІІ. Балалар мен үлкендер
|
Мойынқұм орта мектебі
|
Мұғалімнің аты-жөні: Қабылова К.Т.
|
|
Күні:15.02.2024
|
|
Сынып: 7А №44
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сабақтың тақырыбы: Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
|
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
7.1.1.1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
7.2.2.1.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
|
Сабақ мақсаты
|
Барлығы: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.
Көпшілігі: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.
Кейбірі: Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.
|
Құндылықтар
|
Ұлттық мүдде
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңі, уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Баға-
лау
|
Ресурс-
тар
|
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық жағдай орнату.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет қол шапалақтаймыз!
Белсенділік танытамыз десек
3 рет қол шапалақтаймыз!
Үй тапсырмасын тексеру. «Алдын ала оқыту» әдісі бойынша шығарманың мазмұнын игеру.
Қызығушылығын ояту.
«Ассосация» әдісі.
1941 жыл, Ұлы Отан соғысы, қазақ жауынгерлері, қазақтың қайсар ұлы, Украина, Вася т.б.
Ұлы Отан соғысы қашан басталды? Қ.Қайсенов кім? Ол туралы не білдіңдер? Қандай шығармалары бар екен?
Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.
|
Амандасу. Сабаққа дайындық жасайды.Сұрақтарға жауап береді.
Туған күні
|
23 сәуір 1918
|
Туған жері
|
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы
|
Қайтыс
болған күні
|
30 желтоқсан
2006 жыл (88 жас)
|
|
2 ұпай
|
|
35 мин
|
Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.
2- тапсырма.СЖ. Сюжеттік жоспар құрып, құрамдас бөлшектеріне талдаңдар.
3-тапсырма
4-тапсырма.
Шығармадағы автор бейнесін анықтау.
|
1-тапсырма. ЖЖ. СКТ
Шығарманың аты: «Жау тылындағы бала»
Авторы: Қ.Қайсенов
Оқиға болған уақыт, мекен:
1941 жыл, шегарада
Кейіпкерлер:
Шығарманың идеясы:
Оқиғаның басталуы:Соғыстың басталуы
Дамуы: Тұрғындарды эшелонмен елге қайтару.
Шиеленісуі:Фашисттердің эшелонды бомбалауы, Серіктің анасының қайтыс болуы.
Шарықтау шегі: Тамараның сатқындығы
Шешімі: Анна Ивановнаның балаларымен бірге ауылдан қашып кетуі
Дескрипторы:
Шығарма мазмұнын түсінеді;
Құрамдас бөлшектеріне талдайды.
ҚБ.
1-топ. . «Хикаят картасы» әдісі.
Сізге шығарманың қай бөлімі ұнады? Неліктен?
Маған ұнаған бөлім...
Бөлімдегі оқиға желісі
Ұнаған себебі...
2-топ. «Зерек болсаң, тауып көр»
Жамалдың аналық махаббатын көрсететін үзінділерді оқиға ретімен орналастырыңдар.
1.Жамал есін жинағандай болып:
Серікжан, оқ тиген жоқ па, қарашығым?! – деді.
2.Соны күткендей болып әзер тұрған адамдар вагонның есігін жабылып ашып жіберіп, есіктен бірлеп –екілеп қарғи бастады. Жамал да Серіктің қолынан жетектеп вагоннан жерге түссе, алдыңғы бірнеше вагон жанып жатыр екен.
3.Ол баласын құшақтаған күйі бір шұңқырға етпетінен құлап түсті де:
-Серігім , деп дауыстап жіберді. Ышқына шықты үні.
4. Жамал Серікті сүйрелей- мүйрелей отырып, вагоннан жүз метрдей ұзағанша, жау самолеттері эшелонды тағы да бомбалай бастады.
3-топ. «ПОПС» формуласы. «Серік нағыз патриот» өз ойларыңды дәлелдеп жазыңдар.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,….».
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…».
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын….».
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…».
Дескрипторы:
- шығарманың негізгі ойын анықтайды;
- шығарма сюжеті бойынша өз ойын жеткізеді;
- шығарма бөлшектерін талдайды.
ҚБ.
Авторға тән қасиеттер
|
Автор бейнесі
|
|
|
дескрипторы:
-автордың көзқарасын анықтайды.
-Өзіндік ойын айтады.
ҚБ
|
2 ұпай
2 ұпай
2 ұпай
2 ұпай
|
|
Соңы
5 мин
|
Кері байланыс.
Үйге: Шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып, талдап келу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |