Сабақтың тақырыбы: Бөлінді разрядтарының бірінде 0 болатын жағдайдағы көп таңбалы сандарды бөлу
Сабақтың мақсаты:бөлінді разрядтарының бірінде 0 болған жағдайда үш таңбалы сандарға бөлу амалдарын көрсету; әртүрлі есептер шығару дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың барысы Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру. Ауызша есептеуге арналған жұмыстар жүргізіледі. Сандық қатарды жалғастыр:
763 023, 763 123, 763 223, ____,
0, 15, 30, 45, , , , ,_____
№8 логикалық тапсырма.
34
37
40
43
35
38
41
44
36
39
42
45
37
40
43
46
Бірінші кестеде көлденеңінен тұрған сандар 3-ке, ал тігінен 1-ге артып отырады. Екінші кестеде сандар қиғаш сызықтың бойында ретімен жазылған.
«Білім сандықшасы» ойыны.
Жаңа материалмен танысу. Окушылар оқулыққа қарап №1 (а) бөлудің жаңа түрінің ерекшеліктерін анықтайды.
а) Бөлудің қалай орындалғанын түсіндір: 115 710 : 285
Неліктен нөл жазамыз? Өйткені, екінші толымсыз бөлінгіш 171-ді 285-ке бөлген кезде 0 саны пайда болады және қалдық 171-дің қасына бөлінгіштегі нөлді түсіреміз. 1710-ды 285-ке бөлеміз.
Бастапқы бекіту. Тақырыпты бекіту үшін тапсырманы тақтаға шығып орындау қажет.
Өткен материалмен жұмыс. №3—7-тапсырмалар.
Үй жұмысы. №2, №1(ә).
Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: «Футбол» ойыны үшін «Үш таңбалы санға көбейту бөлу» тақырыбы бойынша есеп құрастыру.