Сабақтың тақырыбы:Үш таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері Сабақтық мақсаты: оқушыларды үш таңбалы санға бөлудің жаңа түрімен және оны шығару амалдарымен таныстыру; әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру; бөлу мен көбейтудің жазбаша тәсілдерін меңгеру деңгейін, қалып қою және куып жету қозғалысына берілген есептерді шығару дағдыларын тексеру. Сабақтың барысы Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
«Білім сандықшасы» дидактикалық ойыны. Оқушылар сабаққа дейін параққа жазып сандыққа салып қойған сұрақтарын кезекпен оқиды. Қалғандары жауап береді. Ауызша жаттығуларға бақылау және тексеруге арналған дәптердегі математикалық диктантты қосуға болады. Жаңа материалмен танысу.
Жаңа материалды оқулыңтағы №2(а) тапсырма бойынша немесе соған ұқсас тапсырмалар арқылы түсіндіреміз. Алғашқы бекіту.
№2(ә). Мысалдар жан-жақты түсіндіріліп, тақтаға және дәптерге орындалады. Өткен материалмен жұмыс.
№3 - жұпта орындалады. №5 есеп - ұжымдың жұмыс. 10км2 = 10 000 000 м2 50 : 5 = 10 (м2) - 1 г мұнай өнімі зиянын тигізетін аудан.
10 000 000 : 10 = 1 000 000 (г) = 1 (т) мұнай өнімі көлемі 10 км2ауданды алып жатады.
№4 есепті оқушылар екі нұсқа бойынша түрлі тәсілдермен орындайды: 1-нұсқа: Бірінші саяжолдан қанша литр су буланып кетеді?
Екінші саяжолдан қанша литр су буланып кетеді?
Екі саяжолдан барлығы қанша литр су буланады? 67 • 19 + 67 • 35 = 3 618 (л)
2-нұска. Екі саяжолда барлығы қанша қайың ағашы бар?
Бұл қайыңдар бір күнде канша литр суды буға айналдырады? (19 + 35) • 67 = 3 618 (л)
Өзіндік жұмысты бақылау және тексеруге арналған дәптерде орындаймыз. №8 тапсырма (есептеудің тиімді тәсілімен танысу) жан-жақты түсіндіріле отырып, тақтаға және дәптерге орындалады. Пайымдау тәсілі: 37 • 3 = 111 екенін білген оқушы 37 мен 6 сандарының көбейтіндісін таба алады. Екі көбейтіндіде де бірінші көбейткіш бірдей, ал екіншісі 2 есе артты. Ендеше, көбейтінді де 2 есе артады - 222. Үй жұмысы: №7, 6. Шығармашылық деңгейге арналған тапсырмалар: «Футбол» ойынына арнап тапсырмалар әзірлеу.
Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелерді анықтау Сабақтың мақсаты: кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер туралы түсінік қалыптастыру; үш таңбалы санға көбейту мен болу дағдыларын нығайту; әртүрлі есептер шығару дағдыларын жетілдіру. Сабақтың барысы Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.
№1 тапсырма ауызша орындалады. Математикалық диктант: • Азайғыш 100 000. Айырманың мәні 52 000. Азайтқышты табыңдар.
560-ты 43-ке азайт.
1 000 саны шығу үшін қандай саннан бірлікті алып тастау керек?
490-ды 14 пен 5 сандарынын, көбейтіндісіне бөл.
Тіктөртбұрыштың периметрі 72 см, оның ені 16 см. Тіктөртбүұрыштың ауданы нешеге тең?
Сағаттың 15 бөлігі неше минутқа тең?
5 тоннада неше килограмм бар?
Тышканның жүрегі 2 минутта 260 рет соғады. Оның жүрегі 6 минутта неше рет соғады?
№8 тапсырманың негізінде көркем жазу минутын ұйымдастыруға болады: 310 320 330 340 350 360 370 380 390 302 312 322 332 342 352 362 372 382 392 Ауызша жаттығу: үш суретті бір-бірінің үстіне қойса ақ түсті неше торкөз қалады?
Егер оқушылар қиналып жатса, суретті пленкаға көшіріп, шешуін көрсетіп беруге болады. №2(а). Суреттегі фигураларды (нүктелер мен кесінділер) қандай топтарға, нүктелерді қандай топқа бөлуге болады? Оқушылар «кесіндіге тиісті немесе тиісті емес нүкте» түсінігімен таныс емес. Сондықтан олар «кесіндіде нүкте бар, нүкте басқа жерде түр» деп айтуы мүмкін.
С I
•HD
Жаңа материалмен танысу Мұғалім оқушыларды жаңа терминмен таныстырады: «кесіндіге тиісті нүкте және кесіндіге тиісті емес нүкте» №2 (ә, б) тапсырмалар орындалады: АВ және ОК кесіндісіне тиісті барлық нүктелерді жазып шық. ОМ кесіндісіне тиісті барлық нүктелерді жаз.
•F •G S T M •N
Өткен материалмен жұмыс.
№3 тапсырмада оқушылар есептеулердегі қателерді тауып, мысалдарды дұрыс шығаруы тиіс. №4 тапсырма бір-бірін тексеру арқылы орындалады. Өзіндік жұмыс.
№5 (а, ә) есепті өзіндік жұмыс ретінде орындауға беруге болады. №6(а). 1) 672 : 24 = 28 (тәул.) 2) 150 • 28 = 4 200 (л) №6(ә). 1) 320 : 16 = 20 (кг) - 1 автокөлік тәулігіне шығаратын улы газ. 2) 53 • 20 = 1 060 (кг) = 1 т 60 кг - 53 автокөлік тәулігіне шығаратын улы газ. Үй жұмысы: 5(ә), №7. Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: кесте бойынша өрнекті мүмкіндігінше көбірек құр және олардың мәнін тап.