Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет45/45
Дата06.02.2022
өлшемі1,26 Mb.
#30400
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Сабақтың тақырыбы: Шығымдылыққа берілген есептерді шығару.
Сабақтың мақсаты: шығымдылыққа (өнімділікке шығаралатын есептердің әр түрлі) берілген әртүрлі есептерді шығару дағдысн қалыптастыру; есептеу дағдысын жетілдіру.
Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

  1. Үй жұмысын тексеру.

  2. Ауызша жаттығуларға №1 тапсырма мен №9 логикалық есепті қосыңыз. Өзеннің тар жерінде бір ғана теплоход сыятын қойнау бар. Суретте дөңгелекпен бейнеленген теплоходтардың екеуі бір бағытта, ал екеуі қарсы бағытта келе жатыр. Олар соқтығыспай өте ала ма?

  3. Математикалық диктант: «Өренектер құр».

  • Бір сыныпта а оқушы бар, екіншісіндегі оқушы саны одан 5 есе артық. Екі сыныпта неше бала бар?

  • Сабақтан кейін сыныпта d оқушы қалды. Алдымен z оқушы кетіп қалды, содан соң тағы 2 бала кетті. Сыныпта қанша бала қалды?

  • Қызыл раушангүлдің m данасы, сары раушангүлдің n данасы, ал ақ раушангүлдің b данасы жұлып алынды. Оның бәрінен 5 дана гүлшоқ жасалды. Неше гүлшок жасалды?

  • Бір данасын s теңгеден 16 тәтті тоқаш пен а теңгеге торт сатып алынды. Оларға барлығы қанша ақша төленді?

  • Үш бумада k дана дәптер бар. 2 бумада неше дәптер бар?

№2 есепті сыныппен бірге шығарамыз. Тақтаға барлық формулалар мен үшбұрыш жаднамалар жазылады (демонстрациялық материалдағы кестелерді пайдаланамыз).
Содан соң егін жинау туралы әңгіме өткізіңіз. Егістікте не өседі, оны қалай жинайды? Ары қарай «шығымдылық» деген түсінікті түсіндіруге кірісіңіз.
Шығымдылық дегеніміз –аудан бірлігінен жинап алынған өнім сапасы.
Жаңа есеп түрлерімен танысу. №3

Жиын –терім
М:m•S

Шығымдылық (m)
m=M:S

Егіс даласының ауданы (S)
S=M:m

Осы алаңнан жиналғанегін көлемі (M)
M= m •S




Бидай

6ц/га

100 га

?

Мақта

15ц/ га

?

1500ц

Картоп

?

50 га

500ц

Бастапқыбекіту.№4(а) немесе (ә) нұсқалары бойынша шығарылады, балалар есетің шешуін тақтаға шығып немесе орнында оытрып түсіндіреді.

  1. 400 + 600 = 1000(п.) – екі гүлзарға отырғызылды.

1000 : 50 = 200 (п./м2) – шығымдылық.
400 : 200 = 20 (м2) – бірінші гүлзардың ауданы.
600 : 200 = 30 (м2) – екінші гүлзардың ауданы.

  1. 1-тәсіл

10 •3 = 30 (кг/м2) –екінші фермер еккен егінніңшығымдылығы.
10 • 900 =9000 (кг) – бірінші фермердің жинап алған егіні.
30 • 900 = 27000 (кг) – екінші фермердің жинап алған егіні.
27000 – 9000 = 18000 (кг) –екінші фермер артық жинады.

2-тәсіл
10 • 3 = 30 (кг/м2) – екінші фермер еккен егіннің шығымдылығы.


30 -10 = 20 (кг/м2) – екінші фермер еккен егіннің шығымдылығы осынша артық.
20 • 900 = 18000 (кг) – екінші фермер артық жинап алды.
Есепте әртүрлі тәсілмен шешу туралы шартты белгі жоқ. Өйткені бірге орындауға немесе жақындау жылдамдығына берілген есептердің ұқсастығы балалар үшін өте қиын.
Өткен матерималмен жұмыс.
Балалардың көбейту мен бөлу амалдарын меңгеру, есеп шығару дағдыларын ескере отырып, мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды өз қалауынша қолданады.
Үй жұмысы. №5 Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма:№7

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау


Сабақтың мақсаты: сабақ барысында жіберілген қателерді талдап, балалардың білімі мен дағдысын түзету; есетеу қабілетін, есептеу дағдысын жетілдіру; әртүрлі есептер шығаруға үйрету.

Сабақтың тапсырмаларын оқушылардың материалды игеру деңгейіне қарай пайдаланыңыз. Өткен сабақтарды бекіту немесе рефлексия жасаңыз.




Бақылау және тексеруге арналған дәптерді пайдалаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет