« ҚАРАЛДЫ» «БЕКІТІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ»
Педагогикалық № 1 қазақ орта Ырғыз аудандық білім
кеңес отырысында мектебінің директоры бөлімінің басшысы
хаттама №___ _____________________ ____________________
«__»_______2015ж Б.Аманжол Н.Жүсіпов
«__»_______2015ж «___» ______2015ж
«Қызықты математика»
(мектеп компоненті)
Класс:7а,б
Жетекшісі: Г.Қ.Қонысбаева
Әдістемелік пән бірлестігінің
жетекшісі:Ж.Жалғасбаева
Тексерілді__________________
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары
____Ж.Омаров
2015 жыл
№ 1 қазақ орта мектебінің математика
пәні мұғалімі Қонысбаева Гулшаттың
«Қызықты математика» атты
7а,б-сынып оқушыларына арналған
таңдау курсының бағдарламасына
П І К І Р
Қызықты математика - математикалық білімнің мазмұныныа сай жүзеге асырылады. Бұл бағдарламада сандық қатарларды толықтыру тәртібін табу, математикалық фокустар мен шырпымен шығарылатын есептерді шешу дағдысын, оқушылардың математикалық интуициясын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстарға көп көңіл бөлінген. Сонымен қатар, мәтін есептердің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсінуге, есептің шартын жазуға оқушыларды қалыптастыру, шығару тәсілдерін бекітуге , пайызға байланысты есептерді шығару алгоритміне, комбинаториканың формулаларына және де логикалық тапсырмалар берілген.
Логикалық есептер, жұмбақ, ойын есептер, ребус, өрнек жазу , математикалық фокус т.б. дидактикалық материалдарды қолданған. Оқушылардың математика пәніне керек білім жүйесі қамтылған. Бұл бағдарлама осы пәнге таңдау курстарынан сабақ өткізуге өте тиімді.
Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыруда, өз бетінше жұмыс жасауда және оқу материалдарын жаңа технология элементтерін пайдалана отырып меңгертуге мұғалімге көмек ретінде ұсынады.
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары: Ж.Омаров
№ 1 қазақ орта мектебінің математика
пәні мұғалімі Қонысбаева Гулшаттың
«Қызықты математика» атты
7а,б-сынып оқушыларына арналған
таңдау курсының бағдарламасына
П І К І Р
Қызықты математика – таңдау курсы оқушыларды қызықтыратын логикалық есептер шығарту, математиканың даму тарихы бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу, шапшаң ой жүйелеу үшін математикалық жарыстар және негізгі оқу бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекітіп, бір жүйеге келтіру негізінде құрылған.
Логикалық есептер шығаруда, математикалық жұмбақтар, софизмдер шешу кезінде өз пікірлерін логикалық жолмен дәлелдей білуге үйрету жолдары, математикалық қызметті жүргізу үрдісінде білім алуға бағытталған жаттығулар жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Таңдау курсы сабақтары оқушылардың дайындық деңгейіне қарай ұйымдастырылады. Жаттығулар жүйесі көп тапсырмалардың бірнеше орындау деңгейі болатындай етіп құрылған. Бұл математикалық ойлауды және оқуға деген жақсы ынта – жігерді қалыптастырады. Көптеген жаттығулар көлеміне және орындалу қиындығына қарай күрделенген.
Бұл бағдарлама осы пәнге таңдау курсынан сабақ өткізуге тиімді.
Физика - математика
әдіс бірлестігінің жетекшісі: Ж.Жалғасбаева
Түсінік хат
Математикалық білімнің маңызды мәселесі оқушылардың жалпы ойлау, кеңістіктікті елестету әдістерін игеруі, қойылған есептің мағынасын түсініп, логикалық ой тұжырымдау қабілетінің дамуы, ойлаудың алгоритмдік машықтарын жақсы игеруі болып табылады. Әр оқушының фактінің гипотезадан айырмасын білуі, талдай алуы, екінші жағынан түйсікті (кеңістікте елестете алу, нәтижені алдын-ала көре білу, шығару жолын таба білу) дамыта білу өте маңызды болып табылады.
«Қызықты математика» таңдау курсы мазмұны логикалық есептердің шешілуін, математика курсында ауқымды қарастырылмайтын концентрацияға, мәтін есептерді, комбинаторика элементтері мен қарапайым формулаларына есептер қарастыруын болжайды.
Курстың мақсаты:
Оқушылардың көрнекі-бейнелік және логикалық ойлау, математикалық интуициясын, оқу уәжін, өздігінен білім алу қабілетін, математика тілінде сөйлеуді, талдау мен дәлелдеулер жүргізу және қарапайым зерттеу есептерін шығару біліктілігін қалыптастыру.
Берілген курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын ескере отырып жасалды. Бағдарлама 7 сынып оқушыларының математикалық дайындығының жоғары сапаға көтерілуіне мүмкіндік туғызу үшін құрастырылды.
Курстың міндеттері:
-тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін және математика тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;
-оқушылардың тұжырымдарды талдау және дәлелдеу білігін, ойлау қабілетін, әр оқушының математикалық интуициясы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-математикадан стандарт емес есептерді шешуді үйрету;
-алған білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Оқушының білімділігі мен біліктілігіне қойылатын талаптар.
Курс сабақтары нәтижесінде оқушылар білуі керек:
-математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіре білу;
-мәтіндік есептерді, яғни «құйып алу», «өлшеу», «қозғалысқа» берілген есептердің шығару алгоритмін білу;
-пайызға берілген есептерді, концентрацияны табуды пропорция құру арқылы шығара білу;
-комбинаториканың қарапайым формулаларын қолдана алу, логикалық есептерді шешуде комбинаторикалық әдістерді меңгеру. Факториалды есептей білу, есептер шығаруда қолдана білу.
Күтілетін нәтиже:
Сандық басқатырғыларды шешу арқылы математикаға деген қызығушылықтары артады, логикалық интуициясы дамиды;
Оқушылар мәтін бойынша есеп құрастырады, оны шешудің математикалық моделін құра біледі, оны шеше алады;
Оқушылар пайызға байланысты есептерді шығару алгоритмін түсінеді;
Оқушылар комбинаториканың формулаларын біледі, логикалық есептерді шығаруда пайдалана алады
Ұйымдастыру формалары: өзіндік, жұптық, топтық жұмыс
Курсты оқытуды аяқтау формалары: өзіндік жұмыс, шығармашылық тапсырма
Оқушылар білімінің сандартта көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды тексеру нәтижелері «есептелді» көмегімен бағаланады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: өзіндік жұмыстар, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мазмұны
І. Арифметикалық сырсандық - 6 сағат.
Жалпы мақсаты: Сандық қатарларды толықтыру тәртібін табу, математикалық фокустар мен шырпымен шығарылатын есептерді шешу дағдысын, оқушылардың математикалық интуициясын қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері: Оқушылардың математикалық фокустарды, сандық басқатырғыларды шешу арқылы математикаға деген қызығушылықтары артады, логикалық интуициясы дамиды.
Тақырып: Сандық басқатырғылар (2 сағат).
Тақырып: Математикалық фокустар (2 сағат).
Тақырып: Шырпымен есептер (2 сағат).
ІІ. Мәтіндік есептер – 8 сағат.
Жалпы мақсаты: Мәтін есептердің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсінуге, есептің шартын жазуға оқушыларды қалыптастыру, шығару тәсілдерін бекіту.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар мәтін бойынша оны шешудің математикалық моделін құра біледі, оны шеше алады.
Тақырып: «Құйып алу» есептері (2 сағат).
Тақырып: «Өлшеу» есептері (2 сағат).
Тақырып: «Қозғалыс» есептері (2 сағат).
Тақырып: «Жұмыс өнімділігі» есептері (2 сағат).
ІІІ. Пайыздар – 8 сағат.
Жалпы мақсаты: ҰБТ-да жиі кездесетін концентрацияны табуға арналған есептерді шығару, сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін тұрмыстық жағдайларда пайызды есептеу дағдыларын қалыптастыру .
Оқыту нәтижелері: Оқушылар пайызға байланысты есептерді шығару алгоритмін түсінеді.
Тақырып: Пайызды пропорция құру арқылы табу (2 сағат).
Тақырып: Ерітіндінің концентрациясын табу (2 сағат).
Тақырып: Қоспа концентрациясын табу (2 сағат). 71
Тақырып: Пайызға берілген қызықты есептер (2 сағат).
ІV. Комбинаторика – 8 сағат.
Жалпы мақсаты: Комбинаторика есептерін шешуде қолданылатын өзіндік заңдылықтар мен формулаларды логикалық есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар комбинаториканың формулаларын біледі, логикалық есептерді шығаруда пайдалана алады.
Тақырып: Факториал (2 сағат).
Тақырып: Теру (2 сағат).
Тақырып: Ауыстыру (2 сағат).
Тақырып: Алмастыру (2 сағат).
V. Логикалық есептер – 2 сағат.
Жалпы мақсаты: Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету, есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету, соның ішінде тұрмыстық есептерде конструктивті ойлайтын оқушыларды айқындау.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар өткен тақырыптар бойынша білімдерін пайдаланып, әр түрлі логикалық есептерді шығара алады.
Тақырып: Әр түрлі логикалық есептер (2 сағат).
VІ. Қорытынды – 2 сағат.
Тақырып: Қорытынды сабақ (2 сағат).
Тақырыптық жоспар
№
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
І. Арифметикалық сырсандық 6 cағат
|
1-2
|
Сандық басқатырғылар
|
2
|
3-4
|
Математикалық фокустар
|
2
|
5-6
|
Шырпымен есептер
|
2
|
ІІ. Мәтіндік есептер 8 сағат
|
7-8
|
«Құйып алу» есептері
|
2
|
9-10
|
«Өлшеу» есептері
|
2
|
11-12
|
«Қозғалысқа» есептер
|
2
|
13-14
|
«Жұмыс өнімділігі» есептері
|
2
|
ІІІ. Пайыздар 8 сағат
|
15-16
|
Пайызды пропорция құру арқылы табу
|
2
|
17-18
|
Ерітіндінің концентрациясын табу
|
2
|
19-20
|
Қоспа концентрациясын табу
|
2
|
21-22
|
Пайызға берілген қызықты есептер
|
2
|
ІV. Комбинаторика 8 сағат
|
23-24
|
Факториал
|
2
|
25-26
|
Теру
|
2
|
27-28
|
Ауыстыру
|
2
|
29-30
|
Алмастыру
|
2
|
V. Логикалық есептер 2 сағат
|
31-32
|
Логикалық есептер шығару
|
2
|
VІ. Қорытынды 2 сағат.
|
33-34
|
Қорытынды сабақ
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |