130 бен 120 сандарының қосындысын олардың айырмасына көбейтіңдер.
6 см2 неше мм2 болады?
93 пен 3-тің бөліндісін 6 есе арттыр.
1 ц 50 кг-нан неше есе артық?
540 пен 460 сандарының қосындысы дел осы сандардың айырмасынан қанша артық?
30 000 саны шығу үшін 1-ді нешеге қосу қажет? Оқу материалымен танысу.
Жаңа материалмен танысуды топтасып орындалатын практикалық жұмыстан бастауға болады. Әр топқа тік бұрышты параллелепипедтің үлгісі және әр параллелепипедтің көлемін есептеу туралы тапсырма беріледі. Содан соң параллелепипедтер бүйірімен қойылып, оқушылар қайтадан есептеуге кіріседі. Содан соң олар: «Фигураны аударғанмен, оның көлемі өзгермейді» деген қорытынды жасайды.
Содан соң оқулық бойынша №1(а) тапсырма орындалады.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін анықтаңдар (көбейткіштің орындарын ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді).
Көбейтудің терімділік қасиетін анықтаңдар (өрнекте қатар орналасқан екі көбейткішті әрқашан көбейтіндімен ауыстыруға болады).
Бастапқы бекіту. №2 тапсырманы оқушылар жан-жақты түсіндіре отырып орындайды.
- Көбейтудің қандай қасиеті өрнектің мәнін табуға көмектесті? (Көбейтудің терімділік қасиеті)
(190 • 5) • 2 = 1 900 5 • (630 • 4) = 12 600
(7250•2)•5=72500 (639 • 4) • 5 = 12780
(332 • 4) • 5 = 6 640 200 • (96 • 5) = 96 000
(625 • 200) • 5 = 625 000 (103 • 50) -4 = 10 300
5. Өткен материалмен жұмыс. №6 есептің шешуін оқушылар өрнек түрінде жазады:
а)(17 612 : 28) • 16 = 10 064 (г.)
ә) 100 • 300 • 365 = 10 950 000 (г) = 10 (т) 950 (кг)
б)(16 200 + 7 800): 1 500 = 16 (рет)
Сынып деңгейі жоғары болса, есептеу жұмысын орындатуға болады.
№7 есеп бойынша теңдеу құрылып, тақтаға және дәптерге орындалады.
х : 12 + 12 354 - 27 870 х = 186 192
х • 100 = 1 600 + 24 000 х = 256 .
(х - 30 985): 15 = 12 000 - 9731 х = 65 020
Үй жұмысы: №5.