Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: санды көбейтіндіге бөлу тәртібін, есеп шығару, көп таңбалы сандармен есептеу қабілетін нығайту; ауызша есептеу дағдысын жетілдіру; көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру.
Өткен материалмен жұмысты мұғалім өз қалауынша ұйымдастырады.
Өзіндік жұмыс үшін бақылау және тексеруге арналған дәптерді пайдалануға болады.
Сабақтың тақырыбы:Кесіндіні теңдей екігебөлу және тік бұрыш салу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды кесіндіні дәл ортасынан бөлу және циркуль мен сызғыштың көмегімен тікбұрыш сызу алгоритмімен таныстыру; әртүрлі есептер шығару қабілетін қалыптастыру; есептеу дағдысын жетілдіру.
Жаңа материалмен танысу.
Кесіндіні сызғыштың көмегімен дәл ортасынан қалай бөлеміз? (Ұзындығын өлшейміз, оның мәнін екіге бөліп, кесіндінің басынан сонша кесінді өлшеп аламыз.)
Мұғалім кесіндіні өлшемей-ақ дәл ортасынан бөлу болатынын айтады.
№3(а)тапсырмаға ұқсас кесінділер сызады.
АВ кесінділері берілген. Оны дәптерге орында. Кесіндінің ұзындығын қалауымызша сызамыз.
Центрлері А және В нүктелері болатын, радиусы бірдей екі шеңбер сызамыз. Радиусын АВ кесіндісінің ұзындығына теңдей етіп немесе АВ кесіндісінің жартысына жуықтау етіп алсақ болады.
Шеңберлерінің қиылысу нүктелерін С және С1 деп белгілейміз.
СС1түзуін жүргіземіз, ол АВ кесіндісін О нүктесінде қиып өтеді.
О нүктесі – АВ кесіндінің ортасы.
Бастапқы бекіту. №3(ә)
Өткен материалмен жұмыс.
1-нұсқа. 2-нұсқа
30294 : 34= 891 20834: 22 = 947
56699 : 59 = 961 35721 : 63 = 567
2574 •51 = 191274 8206 • 17 = 139502
3108 • 33 = 102564 5671 •29 =164459
Үй жұмысы. №5(а). Шығармашылық деңгейге арналған жұмыс: қарама-қарсы қозғалысқа берілген есеп құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |